Қазақ футболшысы Чемпиондар лигасы тарихында тұңғыш рет үздік ойыншы атанды

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының алтыншы турындағы матчта басты қаһарманға айналды. 

Қазақ футболшысы Чемпиондар лигасы тарихында тұңғыш рет үздік ойыншы атанды Фото: Қайрат ФК

Бұған дейін де мықтылығымен көзге түскен "Қайрат" қақпашысы "Олимпиакосқа" қарсы ойында шын шеберге тұсау жоқ екенін дәлелдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ол қарсыластың қауіпті соққыларын қайтарып, "Қайраттың" қақпасын бірнеше голдан аман сақтады. 

Нәтижесінде Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік (MVP) ойыншысы атанды. Еске салайық, Чемпиондар лигасы тарихында мұндай атаққа тұңғыш рет қазақ футболшысы ие болып отыр. 

Кеше алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының 6-турында өз алаңында Грекияның "Олимпиакосынан" жеңілді. Матчтағы жалғыз голды 73-минутта қарсылас команданың ойыншысы Мартинш соқты. 

Бұған дейін "Қайрат" жастары "Олимпиакосты" ойсырата жеңгенін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу