Қазақ футболшысына қатысты сүйіншілейтін ақпарат жарияланды

Ол 2024 жылдың 1 желтоқсанында жантүршігерлік жарақат алған еді. 

Қазақ футболшысына қатысты сүйіншілейтін ақпарат жарияланды Фото: fc-zenit.ru

Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Зенит" клубының қорғаушысы Нұралы Әліп толыққанды жаттығуға қайта оралды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Футболшы команданың жаттығуында төбе көрсетіп, ешқандай шектеусіз қимыл-қозғалыс жасаған. 

Еске салайық, Әліп Ресей премьер-лигасының 17-турындағы "Крылья Советов" командасына қарсы ойында қатты жарақат алған еді. Ол Дохадағы бірінші оқу-жаттығу жиынында тек ішінара командалық жаттығуларға қатысты. 

Осы күні "Зенит" командасы Абу-Дабиде екінші оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Жиын 14 ақпанға дейін жалғаспақ. Спортсүйер қауым қазақстандық ойыншының алдағы уақытта қатарға қосылатынына сенімді.  

Бұған дейін шетелде доп тебетін тағы бір қазақстандық футболшы Абат Айымбетовтің "Қасымпаша" қақпасына тамаша гол салғанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу