Қазақ қызы әлемдік рейтингте көш бастап тұр

Мөлдір Жаңбырбай – қазақтан шыққан каратэ спорты бойынша тұңғыш әлем чемпионы.  

Қазақ қызы әлемдік рейтингте көш бастап тұр Фото: olympic.kz

Ол дүниежүзілік рейтингтегі бірінші орынды әлі ешкімге берер емес, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2023 жылы каратэден жаһандық жарыста топ жарған Қазақстан өкілі 50 келі салмақ дәрежесінде көшбасшылығын жалғастырады. 

Мөлдір Жаңбырбай 2021 жылы Азия чемпионатының алтынын мойынға тақса, араға екі жыл салып күміспен күптелді.

Сондай-ақ, Ханджоудағы Азия ойындарында 2-орын алса, 2020 жылы Токио Олимпиадасына қатысып, шеберлігін шыңдады.

Жылдың басында ғана Мөлдір Жаңбырбайдың рейтингте 1-орынға көтерілгенін жазған едік. 

Сонымен қатар, 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық Софья Берульцева +68 келі санатындағы 2-орынын сақтап қалды. 61 келі салмақтағы спортшы Әсел Қанай да рейтингтің екінші сатысына жайғасқан. Ол Каирде өткен әлем чемпионатында қоланы қанағат тұтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу