Қазақ тілін қалай тез үйренуге болады?

Пайдалы ресурстар және лайфхактарды ұсынамыз. 

Қазақ тілін қалай тез үйренуге болады? Фото: freepik

Қазір елімізде қазақша сөйлейтіндер күн санап артып келеді. Осы себептен де қазақстандықтар үшін қазақ тілін тез үйрену өзекті. Қалай қазақ тілін тез үйреніп алуға болады? Пайдалы ресурстар және лайфхактарды ұсынамыз. Бұл туралы inbusiness.kz сайтының тілшісі жазады.

Қазақ тілін үйренушілер нені білуі керек?

Қазақ тілі көп жағынан орыс тіліне ұқсас. Екі тілде де кириллица қарпі қолданылады. Алайда, орыс тілінде сөйлейтіндерге таныс алфавиттің 33 әрпінен басқа қазақ тілінде 9 ерекше дыбыс бар – олар ә, і, ө, ү, ұ, н, ғ, қ және х. Олардың әртүрлі буындарда жазылуы мен дыбысталуын есте сақтау керек.

Қазақ тілі түркі тобына жатады және 14-17 ғасырларда тілдің лексиконы артқан алтын дәуір болды. Қазақ тілінде парсы және араб тілінен енген сөздер бар, олар фонетикадағы бірқатар ерекшеліктермен сипатталады.

Орыс тілі мен қазақ тілінің ерекшеліктеріне келсек, қазақ тілінің өзіндік грамматикасы бар. Мысалы, жынысты білдіретін есімдіктер жоқ, барлығына "ол" қолданылады.

Кез келген тілді үйренуде 30-45-60 схемасы нәтиже береді. Бұл схема оқу жүктемесінің біртіндеп өсуін қамтиды. Бірінші аптада сіз күніне 30 минут, екінші 45 және үшінші 60 минутта жаттығасыз. Сіз апта сайынғы сабақтардың санын, сондай-ақ, олардың ұзақтығын өзіңіз таңдайсыз. Аптасына 3-4 рет кем дегенде 20-30 минут жаттығу жасаған жөн. Сабақтың ұзақтығын арттырып отырған жөн. Есіңізде болсын, аптасына 1 рет 3 сағаттан гөрі күн сайын 15 минут жаттығу жасаған дұрыс.

Көбірек тыңдаңыз

Ауызекі тілде әдеби тілден айтарлықтай айырмашылық бар. Қазақша сөйлейтіндермен мүмкіндігінше көбірек сөйлесіп, олардың сөйлемді қалай құратынын, қандай фразеологиялық тіркестер мен сөздер пайдаланатынын түсінуге тырысу қажет.

Ситуациялық сөз тіркестерін жаттаңыз

Әртүрлі жағдайларда қолданылатын дайын сөз тіркестерін жаттау арқылы айналамен диалог құруға болады. Қанат Тасыбековтің "Ситуациялық қазақ тілі" кітабында ең көп таралған және жиі қолданылатын сөз тіркестері бар. Туристер үшін ғана емес, қазақ тілін толық меңгергісі келетін жаңадан бастағандар үшін де тамаша шешім.

Ассоциация әдісін қолданыңыз

Ассоциациялар мен мнемоникалық әдістерді қолданып, күрделі лексикалық бірліктерді тезірек есте сақтауға болады. Сонымен қатар, тіл тарихына тереңірек үңіліп, сөзжасам процестерін білуге тырысу тіл үйрену процесін қызықты етеді, әрі танымдық жағын арттырады. Осылайша, бір уақытта бір емес, 3-7 түбір сөзді жаттауға болады.

Қазақ тілді орта

Тіл үйренудегі маңызды заттың бірі – орта. Тілдік ортада жаттығып, лексиконыңыздағы сөздерді  арттыруға болады. Мұндай мүмкіндік болмаса, медиа құралдары мен интернетті қолданыңыз. Әртүрлі топтарға тіркеліп, жаттығу арқылы сөйлем құру ережелерін тез үйреніп, сөздік қорды кеңейтуге болады.

Қазақ тілін тез үйренудің тиімді тәсілдері

Тіл үйренуді ауырлатпау

Қазақ тілін әдемі дәптерлерсіз, кітаптардың толық жиынтығынсыз және ондаған әдістемелер мен маркер, стикер сатып алмай-ақ оқи аласыз.

Мінсіздікке ұмтылу құлшыныстың тез жоғалуына әкеледі. Сөздерді қайта-қайта жазудың қажеті жоқ және үйренген әрбір сөзді тамаша айту міндет емес. Барлығы уақытпен және тәжірибемен келеді.

Тіл үйренгенде өміріңізде не өзгереді? Осыған мән беріңіз. Мәселен, жоғары жалақысы бар жұмыс.

Үнемі жаттығу

Аз жаттығу жасаған кезде қайталауға және өткен материалды еске түсіруге көп уақыт кетеді.

Заманауи құралдар

Мобильді қосымшаларды, әлеуметтік желілердегі қауымдастықтарды пайдаланып, оқу процесін  жылдамдатуға болады.

Бос уақытыңызда қазақша танымдық ақпарат оқыңыз

Қоғамдық көлікте, түскі үзіліс кезінде және кез келген басқа уақытта жаңа сөздерді үйреніп, қазақ тіліндегі мақалаларды оқу қажет.

Тілдік ортаға ену уақытты үнемдеуге көмектеседі. Сондай-ақ, фильмдерді көруге, радио мен музыканы тыңдауға көп көңіл бөлген жөн. Қазақ тілінде ақпарат алу мен қазақтілділермен қарым-қатынас біріксе, онда 2-3 айдан кейін базалық деңгейге жетуге болады.

Қазақ тілін өз бетінше үйренуге арналған үздік ресурстар

Олардың ішінде әлеуметтік желілердегі сайттар, онлайн курстар, қызметтер, мобильді қосымшалар және оқыту топтары бар. Үйде қазақ тілін өз бетінше және жылдам үйренуге арналған ресурстар қандай?

Сайттар, онлайн курстар және қызметтер:

Soyle – қазақ тілін үйренуге ыңғайлы сервистердің бірі. Мұнда ең жақсы әдістер, оқулықтар, материалдар және кешенді курстар ұсынылған. Қызмет сізге лексика мен грамматиканы оқып қана қоймай, сөздердің айтылуын тыңдап,  жаттығуға мүмкіндік береді.

Қазтест – Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі. Мұнда онлайн-тестілеуден өтіп, дайындық жоспарын түзету немесе толықтыру үшін білім деңгейін анықтауға болады.

Sozdik – көлемді және қолдануға өте ыңғайлы орыс-қазақ сөздігі. Ол сөздердің ең дәл аудармаларымен және олардың ең көп мағынасын ұсынады.

Resmihat – іскерлік қазақ тілін оқыту бойынша тегін платформа. Құжаттармен жұмыс істейтін және Қазақстанда жұмысқа орналасуды жоспарлайтын мамандар үшін өте қолайлы.

Әдебиет порталы – қазақ тіліндегі мақалалары, кітаптары, подкасттары және аудио-кітаптары бар портал. Мұндағы материалдар үнемі жаңартылып отырады, сондықтан сайтты қызықты және өзекті ақпарат көзі ретінде пайдалану керек.

Әлеуметтік желілердегі оқыту топтары:

Қазақ тілі – "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі танымал топ, оның белсенді қатысушыларының саны 30 000 пайдаланушыдан асады. Мұнда оқу материалдары мен курстарды табуға болады, кеңес сұрап, қазақ тілінде сөйлейтіндермен диалог құруға болады.

Қазақ тілі KZ – YouTube-те қазақ тілін үйрену бойынша бейне-сабақтары бар арна. Ол жаңадан келгендерге де, қазақ тілі деңгейі жоғары студенттерге де қызықты болады.

Bas Qosu – Facebook-те қазақ тілін үйренуге арналған ең үлкен қауымдастық.

Мобильді қосымшалар:

Жаңадан бастаушыларға арналған Қазақ тілі – жаңадан бастаушыларға арналған қосымша, әсіресе әліпбиді үйренуге және тілдік ортаға енуге ыңғайлы.

Qazaq App – қосымша арнайы әдістеме негізінде қазақ тілін үйренуді ұсынады. Қазақстан қалалары, ел тарихы мен мәдениеті туралы қызықты фактілер қамтылған.

Audiokitap – бұл кітаптар, подкасттар және басқа да қызықты материалдар жиынтығы.

Қазақ тілін оқыту ресурстары салыстырмалы түрде аз. Бірақ орыс тілді студенттерге оны меңгеру оңай. Ең алдымен қазақтілділердің көпшілігі орыс тілінде сөйлей алады. Дұрыс техника, заманауи қызметтер қазақ тілін тез үйренуге және кез келген тестілеуден өтуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу