Қазақстан армиясы Ауғанстандағы ахуалға байланысты қорғанысты күшейтіп жатыр

1861

Қазақстан армиясы қорғанысты қалай күшейткелі жатқанын ҚР ҚК БШ Стратегиялық жоспарлау департаменті басқармасының бастығы полковник Дәурен Абдуллин айтып берді,  деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Қазақстан армиясы Ауғанстандағы ахуалға байланысты қорғанысты күшейтіп жатыр

"Қарулы күштерде қырағылықты күшейту шеңберінде мынадай іс-шаралар өткізілуде: дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде кезекші күштер мен құралдардың іс-қимылдарының тәртібі нақтыланып, жаттығулар өткізілді. Бірлескен ықтимал іс-қимылдарды ұйымдастыру үшін мемлекеттік органдар, басқа әскерлер мен әскери құрылымдар арасында өзара жұмыс ұйымдастырылды. Әуе кеңістігін қорғау бойынша қызмет атқаратын кезекші күштер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс және майдан авиациясы құралдарының құрамы ұлғайтылды", – дейді Дәурен Абдуллин.

Оның айтуынша, әскери нысандардың диверсияға қарсы қауіпсіздігі күшейтіліп, қоймалар мен арсеналдарды күзету үшін қосымша жасақтар бөлінген. Арнайы операциялар мен әскери көлік авиациясы күштерінің бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылған. Қарулы күштердің мемлекеттік шекараны қорғауды күшейту жөніндегі іс-қимыл жоспарлары нақтыланған. 

Еске сала кетсек АҚШ бастаған күштер кетіп, Батыс елдері өз азаматтарын дүйсенбіде жаппай  эвакуациялауға жанталасып жатқанда, тәліптер Кабулдағы президент сарайын бақылауға алып, Ауғанстандағы соғыстың аяқталғанын жариялаған болатын.

Ал Ауғанстан бойынша отандық сарапшылар "тәліптердің идеологиялық экспорты бәрінен қауіпті" деп отыр

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу