Бұл кезеңде Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Франциямен кездесті.
Кездесу барысында командалар ұзақ уақыт бойы тең деңгейде өнер көрсетті. Алайда соңында француздар басымдыққа қол жеткізіп, 45:38 есебімен жеңіске жетті.
Үшінші орын үшін матчта Қазақстан Жапониямен кездеседі. Жапон құрамасы жартылай финалда Италиядан жеңілген болатын.
Айта кетейік, жартылай финалда Қазақстан құрамасы сапында Вадим Шарлаимов, Александр Федотов және Никита Жулинский өнер көрсетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу