Қазақстан азаматтары не себептен елден кетіп жатыр?

2726

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды. Inbusiness.kz–тің баспасөзге жасалған апталық шолуы.  

Қазақстан азаматтары не себептен елден кетіп жатыр?

camonitor.kz: "Қазақстанның партиялар және сайлау туралы заңдары: нені өзгерту керек?", деп жазады басылым. Бұл газеттің хабарлауынша, желтоқсанның 20 күні Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтеді. Әзірге аталмыш шара барысында талқыланатын мәселе тақырыбы белгісіз. 

Мақала авторының пікірінше, қазақстандықтардың басым көпшілігі саяси жүйенің демократияға қарай бет бұрғанын күтіп отыр. Бұл мақсатта саяси партиялар және сайлау туралы заңдарды қайта қарастырған жөн.  

"Енді барлық жағдай алда кезектен тыс мәжіліс және мәслихат сайлауы жарияланатынын білдіріп тұр ғой. Бұған қоса, алдағы уақытта депутаттар ғана емес өкілетті билік өкілдері де пропорционалды жүйе бойынша сайланатын болады. Демек, партиялардың маңызы артады. Бүгінгі таңда Қазақстанда (ресми тіркелген) алты партия бар. Үш партияның өкілдері парламентте отыр, бір партия өзінің бар екендігін ішкі саясатындағы шатақтармен еске салып отырады. Ал қалған екі партия сайлау алдында "оянып", сайлау аяқталғанда қайтадан ұйқыға кетеді", – деп жазады автор.    

Мақалада саяси партиялар және сайлау туралы заңдарда бар кемшіліктер көрсетілген. Материал авторы осы кемшіліктер қайта қаралып, реттелу керектігін жазады.

ehonews.kz: Қазақстан азаматтары не себептен елден кетіп жатқаны жайында жазған. Басылымның хабарлауынша, үстіміздегі жылдың қаңтар мен қазан айлары аралығында елден 34 мың адам кеткен. 

Мемлекет азаматтарының не себептен кетіп жатқанын анықтау мақсатында басылым тілшілері танымал экономист әрі ЖСДП партиясының төраға орынбасары Айдар Әлібаевпен сұхбаттасқан.

Ресми дерек бойынша үстіміздегі жылдың 3 тоқсанында Қазақстаннан 34 мың адам кеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткіштен 8,3% көп болып отыр. Қазақстанға келушілерден кетушілер көп, оның себебі неде деп ойлайсыз?

"Соңғы 3-4 жылда байқағанымыз, жыл өткен сайын елден кетушілер саны өсіп келеді. Қазіргі кезде бұл 30 мың адамнан 40 мың адамға жетіп, кейде оданда көп болып жатыр. Кететіндер саны көбейіп отыр және олардың арасында жастар көп екенін атап өткен жөн. Кеткендердің тең жартысы 25-27 жас аралығындағы жастар болса, 45 жасқа жетпеген азаматтар осы кетіп жатқандардың 30-35% құрайды. Демек, елден кеткендердің 85% жұмысқа жарамды азаматтар, яғни кез келген елдің адами капиталын құрайтындар.

Оның себебін мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмендеуімен, білім, денсаулық сақтау саласының нашарлауымен және жалпы елдегі өмір сүру деңгейінің төмендеуімен түсіндіремін. Себебі азаматтардың ертеңгі күнге деген сенімі жоқ. Төмендеп кеткен білімнің болашағы жоқ және жұмыс табылмайды. Жастардың өзі Қазақстанда жұмыссыз жүр. Осының барлығы жастардың аяққа тұруына, отбасын құруға мүмкіндік бермейді. Сол себептен олар өзге елге кетіп, қалыптасқысы келеді", – дейді экономист маман.

time.kz: "Қай жерде өмір сүрген жақсы?", деген сұрақты Хотея есімді емшіге қоятындар көп көрінеді. Бұл жайында емші басылым тілшілеріне айтып берген. 

Хотеяның емшілік қасиетінен өзге суретші өнері де бар. Оның айтуынша, соңғы кездері елден өзге елге кетейін бе, кетпейін бе деп сұрайтындар көбейген. Емші, әрине, кетпеу керек деп айтады. Сөйтіп не себептен кетпеу керектігін айтқанда, көбісі сенбейді екен. Сол себептен ол кейде негативке толы кетем деушілерді кетпе, деп айнытпайды екен, себебі олар өздерін өзгертіп, қоршаған ортасын өзгерткісі келмейді.  

"Бәлен жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқ", деген мақал бар. Алайда біз оны естеп шығарып, құлақ аса бермейміз. Ал шын мәнінде байқап қарасаңыз: күллі әлем түрлі саяси, экономикалық және әлеуметтік қақтығысқа толы. Сол себептен Жер ана агрессияға табиғи катаклизмдармен жауап қайтарып жатыр. Ал біз ауа-райының өзгергеніне, табиғы апаттардың көбейгеніне таңданамыз!  Ал Қазақстан жайында айтатын болсақ, бұл дәуірде Қазақстанға әлемге бейбітшілік әкелетін миссионерлік қызмет жүктелген. Бұл міндетті тек халықаралық деңгейде ғана емес мемлекет ішінде де іске асыру көзделген. Әрине, сырттағы экономикалық жағдай қазақстандықтардың дәулетіне өз әсерін тигізіп отыр, бірақ бұл уақытша ғана дүние. Тек шыдай білу керек. Қазақстанды зор болашақ күтіп тұр, мен соған сенемін. Бұл саясатқа байланысты емес", - деп болжайды емші Хотея.

Liter.kz: "Брижит Бардо Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдады", деп жазады басылым. Актриса Атырау мен Оралда жануарларды тірідей өртейтінін айтқан және ХХI ғасырда мұндай әрекеттерге жол бермеу керектігін жеткізген.  

Француз актрисасы және жануарларды қорғаумен айналысатын Брижит Бардо Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жариялады. Өз хатында ол Қазақстанда иесіз иттер мен мысықтарды атып өлтіру фактісіне жағасын ұстағанын айтып, Тоқаевқты шара қабылдауға шақырған.

"Сіздің елде иесіз жануарларға қалай қарайтындары туралы естіп, содан жүрегім аурғаннан хат жазып отырмын. Иттерді, мысықтарды өлтіру жалғасуда. Көшені иттерден тазалау үшін "Жануарларды тексеру" агенттіктеріне жақсы ақша төленеді екен. Олар бей-берекетсіз енді жануарларды қыруда", – делінген хатта.
Хаттың астында суреттер де көрсетілген. Сонымен қатар, Брижит Бардоның  Атырау мен Оралда иттерді тірідей өртейтінін жазған. Сол себепті актриса  иесіз жүрген иттерге гуманистік тұрғыдан қарауға шақырды. 

"Мен сізден тез әрі позитивті жауап күтемін және менің қорымның өкілін жіберуге дайынмын, ол өзінің көзқарасы мен қаңғыбас жануарларды қатыгездіксіз және популяциясының көбею қаупінсіз басқаруға мүмкіндік береді. Мені ренжітпеңіз, Президент мырза!", – деп жазған Брижит Бардо.  

Гүльмира Қамзиева
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу