Қазақстан ешкімнің де "артқы ауласы" емес – Серік Жұманғарин

1196

Премьер-Министрдің орынбасары Bloomberg агенттігінің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан ешкімнің де "артқы ауласы" емес – Серік Жұманғарин Фото: primeminister.kz

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин еуразиялық кеңістікте көптеген мәселе шешіліп жатқанын баса айтты.

"Қазақстан ешкімнің де "артқы ауласы" емес. Тәуелсіз елміз. Көпжылдық тарихы бар Мәңгілік ел. Өткенде Түркістанда үкіметаралық комиссия өткіздім. Ресейлік әріптестерімізді Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне апардық. Экскурсия жетекшілері бұл залда Ақсарай хан І Петрдың елшілерін қабылдағанын айтты. Бұл осыдан көп жыл бұрын болған. Сонда ресейлік әріптестеріміз біздің тарихмыз туралы ештеңе де білмейтіндерін жеткізді. Кездесу барысында Мәскеуден Түркістанға дейін тікелей рейс ашу туралы келістік", - деді ол Үкімет отырысында.

Премьер-Министрдің орынбасарының айтуынша, еуразиялық кеңістікте көптеген мәселе шешімін тауып жатқанын жеткізді.

"Бірқатар мысал да келтіре аламын. Qazaq Air рейстерін Челябинск және Новосибирскте ашу туралы да келісімге келдік", - деп айтты Сауда және интеграция министрі.

Айта кету керек, өткен аптада Қазақстанға ресми сапармен Франция Президенті Эмманюэль Макрон келген болатын. Bloomberg агенттігі Франция басшысының бұл сапарына қатысты ақпарат жариялап, елімізді "Ресейдің артқы ауласы" деп көрсеткен.

Қазақстандықтар шетелдік басылымның бұл мәлімдемесіне қатысты келіспеушіліктерін білдіріп, агенттіктің ресми парақшасына өздерінің наразылығы туралы жарыса жазды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу