Қазақстан кубогы. Плей-офф кезеңінің алғашқы қатысушысы анықталды

2361

Футболдан Қазақстан кубогының плей-офф кезеңінің алғашқы қатысушысы анықталды. Бұл төртінші турда қостанайлық "Тобылды" 1:0 есебімен ұтқан "Мақтаарал" командасы. Осы жеңістің арқасында атакенттік клуб тоғыз ұпай жинап, топта бірінші орынға шықты.

Қазақстан кубогы. Плей-офф кезеңінің алғашқы қатысушысы анықталды

Енді "Мақтаарал" плей-офф кезеңінде екінші орыннан төмендемейтіні сөзсіз. Одан кейін турнирлік кестеде "Тараз" (8), "Тобыл" (3) және "Ақтөбе" (2) келеді. Айта кетейік, 16 қатысушы жеребе қорытындысы бойынша төрт топқа бөлінді. Әр команда алты кездесу өткізеді. Өз топтарында бірінші және екінші орын алған сегіз команда келесі кезеңге өтеді.

Сонымен, бүгін Алматылық "Қайрат" футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңінің төртінші турында павлодарлық "Ақсумен" тең ойнады. Павлодарда өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Есепті бірінші болып алаң иелері ашты. Ойынның екінші минутында Марат Дамир ақсулықтарды алға шығарды. Осы ойыннан кейін "Мақтаарал" тоғыз ұпаймен топта бірінші орынға көтерілсе, "Тобылда" небәрі үш ұпай бар.

"Астана" футболшылары Қазақстан кубогының топтық кезеңінің төртінші турында "Тұраннан" басым түсті. "Астана Аренада" өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Ойындағы есепті екінші минутта-ақ қонақтар қақпашысының қателігін пайдаланған "Астананың" жартылай қорғаушысы Педро Эуженио ашты. 26-минутта португалиялық дубль жасап, есепті еселей түсті. Екінші таймда "Тұран" сапынан Самир Фазли 58-минутта гол соқты. Осы жеңістің арқасында "Астана" 8 ұпай жинап, өз тобында көш бастады. Тұранда төрт ұпай.

Сонымен қатар "Қызыл-Жар" Қазақстан кубогінің төртінші турында "Ақжайықпен" кездесті. Матч "Астана Арена" стадионында өтіп, 0:2 есебімен оралдық клубтың пайдасына аяқталды. Ойынның 38-минутында Илья Коваленко есеп ашты. Ал кездесудің аяқталуына екі минут қалғанда Завен Бадоян "Қызыл-Жар" қақпасынан саңылау тапты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу