Қазақстан құрамасы велоспорттан Азия чемпионатында көш бастады

397

Біздің команданың еншісінде 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль бар

Қазақстан құрамасы велоспорттан Азия чемпионатында көш бастады Фото: olympic.kz

Алматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталып, Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Біздің команданың еншісінде 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль бар.  Екінші орында 2 алтын, 1 күміс иеленген Қытайлық  Тайпей командасы тұр.  Үздік үштікті 2 алтын жүлдесі бар Оңтүстік Корея түйіндеді. 

Құрлық додсында Өзбекстан, Индонезия, Қытай, БАӘ командалары 1 алтыннан еншілеген. 

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы ересектер арасындағы аралас командалық эстафетадан (Федоров Евгений, Груздев Дмитрий, Чжан Игорь, Рината Сұлтанова,  Махаббат Үмітжанова, Фаина Потапова) ; 

жасөспірімдер арасындағы аралас командалық эстафетадан (Батырхан Алик, Мансур Бейсембай, Михаил Подлужный, Ангелина Буренкова, Евгения Заам и Екатерина Удовыкина);

ерлер арасындағы жекелей сыннан (Евгений Федоров);

жасөспірім қыздар арасындағы жекелей сыннан (Мария Елькина): 

андерлер арасындағы жекелей сыннан (Николя Винокуров)

және андер қыздар арасындағы жекелей сыннан (Ақпейіл Өсім) алтын алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу