Қазақстан-Қытай шекарасындағы көлік кептелісі форс-мажор деп танылды

1801

Бүгінгі таңда ҚХР аумағына кіру үшін 7,5 мың жүк көлігі кезек күтіп тұр. 

Қазақстан-Қытай шекарасындағы көлік кептелісі форс-мажор деп танылды

Пандемия басталғалы көрші ел тарапы шекаралық бекеттерде қауіпсіздік талаптарын күшейтіп, нәтижесінде өткізу пунктерінде көлік кептелісі пайда болған. 

Кейін Мемлекеттік кірістер комитеті кезек күткен жүргізушілердің мәселесі 1 шілдеден бастап шешіледі, өткізілетін көлік саны күніне 20-дан 100 бірлікке дейін ұлғайтылады, деп хабарлаған. Алайда бұл шекарадағы жағдайдың түйінін тарқатпаған сыңайлы. Себебі қазіргі кезде мұнда жиналған жүк көліктерінің саны 7,5 мыңнан асты. Ал  "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның мәліметіне сүйенсек, 2021 жылдың 6 қаңтарындағы жағдай бойынша Қытай бағытына қарай жолда қалған вагондардың саны 8,4 мың бірлікті құраған. 

Жуырда бұл іске "Атамекен" ҰКП, Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрлігі, "Қазақстан темір жол" ҰК" АҚ араласып, кәсіпкерлермен бірлесіп, "Достық" станциясына барды. Онда ведомстволар өкілдері бақылау-өткізу пункті, жүк тиеу орындары мен терминалдар, сондай-ақ пойыздардың тұрақтары және кірме жолдардың жұмысымен танысты. Осыған байланысты ҚХР үкіметі тарапынан ресми позиция болмағанын ескере отырып, кәсіпкерлер мәселені Қазақстан Республикасы Премьер-министрі жанындағы Көлік кеңесінің келесі отырысына шығаруды сұрады. Нәтижесінде 2020 жыл шілдеден бастап желтоқсанға дейінгі аралықта шекарада орын алған кәсіпкерлердің жағдайды форс-мажор деп танылатын болды. Бұл шара серіктестермен жүк тасымалдау бойынша туындаған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. 

"Палата 2020 жыл желтоқсан айында ҚР Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрлігіне Қазақстан вагондары мен жүк көліктерінің ҚХР шекарасы арқылы өтуіне Қытайдың шектеулер енгізген күндері көрсетілген ресми хат беру туралы өтініш жіберді. Қытай тарапынан карантиндік шараларды күшейту ҚР және ҚХР арасында жүк экспорты мен импортына кері әсер етті", - деді "Атамекен" ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Талғат Темірханов. 

Логистикадағы кедергілер жүк жеткізу мерзімдерін бұзу, серіктестер арасында келісімшарт міндеттемелерін орындай алмау, айыппұлдар, тез бұзылатын тауарлардың сақтау мерзімінің өтуі, экспорттық стратегияны қайта қарау және жаңа өткізу нарықтарын іздеуге әкеп соқты. Осының бәрі жүктің шекарада тұрып қалуы мен отандық компаниялардың іскерлік беделіне нұқсан келтірді. Жағдайды Қытай тарапынан ресми құжаттардың берілмеуі қиындатты, соның салдарынан кәсіпкерлер шекарадағы кезекті форс-мажор деп тани алмады.

"Атамекен" Үкіметке Қазақстан мен Қытайдың үкімет басшылары арасында шекарадағы жүк көліктерінің тоқтап қалу мәселесін шешу үшін келіссөздер жүргізу туралы өтінішпен жүгінді. Өкінішке қарай, жағдай өзгеріссіз қалады. Сонымен бірге, 2020 жылдың желтоқсан айының басында ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігімен кездесуде шекарада көліктердің бос тұрғанын растайтын ресми хат ұсыну туралы келісім жасалды. Министрліктен хатты алдық. Біз ҚР Сыртқы істер министрлігі, Үкіметтен мәселені шешуге атсалысуды сұрап жатырмыз, өйткені көлік құралдары әлі де шекарада қозғалыссыз тұр", – деді "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Талғат Темірханов.

Аталған хат шекарадағы 2020 жыл шілде-желтоқсан аралығындағы жағдайды форс-мажор деп тануға негіз болады. Осылайша кәсіпкерлер жүктің кешігуі бойынша серіктестермен туындаған жағдайды шешуге мүмкіндік береді. Форс-мажор туралы куәлікті алу үшін Қазақстанның Сыртқы сауда палатасына хабарласу керек. 

Телефон нөмірлері: +7705-564-1926 Жанар, +7707-705-8202 Лаура, +7707-47-47-615 Сандуғаш, +7777-351-71-71 Жұлдыз, электронды пошта:  info.icc.kz@gmail.com. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу