Қазақстан роллер-фристайлдан әлем кубогінде тұңғыш алтынға қол жеткізді

316

Әлемнің әр елінен 200-ден астам спортшы бақ сынаған додада Әнуар Ақылбеков топ жарды.  

Қазақстан роллер-фристайлдан әлем кубогінде тұңғыш алтынға қол жеткізді Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматылық спортшы Әнуар Ақылбеков әлем кубогі кезеңінде топ жарып, Қазақстанға бұл спорт түрінен тұңғыш алтынды әкелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қытайдың Лишуй қаласында роллер-фристайлдан әлем кубогінің кезеңі өтті. Қазақстандық спортшы Әнуар Ақылбеков Slides бағытында жеңімпаз атанып, ел қоржынына тарихи алтын салды.

Бұл – Қазақстанның роллер-спорттан әлем кубогі кезеңдері тарихындағы тұңғыш алтын медалі. Жарыс World Skate ұйымының қолдауымен ұйымдастырылып, оған әлемнің әр елінен 200-ден астам спортшы қатысты.

Жарыс бағдарламасына Classic Slalom, Speed Slalom, Pair Slalom, Battle, Jump және Slides бағыттары кірді.

Slides дисциплинасында спортшылар роликті конькимен күрделі техникалық элементтерді орындайды. Олардың өнері элементтердің күрделілігі, жылдамдығы, дәлдігі және орындалу сапасы бойынша бағаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу