Қазақстан стартап-экожүйесі рейтингінде аутсайдер елдердің қатарында

9215

Еліміздегі халықаралық IT-стартаптар технопаркі алға қойылған мақсатты орындай алмай отыр. 

Қазақстан стартап-экожүйесі рейтингінде аутсайдер елдердің қатарында

2020 жылғы стартап-экожүйесі әлемдік рейтигісінде Қазақстан 100 мемлекеттік арасында 86-орынды иеленіп, аутсайдер елдердің қатарына енді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылдың 1 сәуіріндегі мәліметке сәйкес, елімізде 48,1 мың (жұмысын бастамаған) шағын компания тіркелген. Соңғы 5 жылда олардың саны 49,4%-ға немесе 15,9 мың бірлікке артқан.

Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар саны 232,5 мың бірлік немесе 70,7%. Олардың жұмыс істегеніне 10 жыл болмаған. Демек, жоғарыда аталған барлық компанияны стартап деп санауға болады.

Қазақстанда стартаптарды дамыту және қолдау үшін көптеген түрлі шара қабылданды. Оның ішінде стартап-экожүйесі де бар. Әсіресе, Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің ашылуы маңызды оқиға болды. Мұнда қазақстандық және шетелдік технологиялық компаниялардың еркін дамуы үшін барлық жағдай жасалған.

Алайда қабылданған шаралардың тиімділігі күмән тудырады. Себебі, халықаралық технопарк ашылғанымен, ол еліміздегі стартап-индустриясының дамуына әсер етпеген. Оған Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі орны дәлел.

Мысалы, 2020 жылғы стартап-экожүйесінің жаһандық рейтингісінде Қазақстан 100 елдің арасында 86-орынды иеленді. Осылайша, еліміз 15 аутсайдер елдің қатарына енді.

Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан 17 орынға төмендеген. Бұл жағдайдың мәз емес екенін көрсетеді. 

Бүгінде Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінде 500-ден аса компания жұмыс істейді. Олар хабқа 2,5 жыл бұрын кірген. Алайда елімізде стартаптар 10 есе көп екенін ескеру қажет: IT-стартаптар технопаркі орналасқан Нұр-Сұлтанда олардың саны – 47,8 мың. Бұл – жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар. Олардың жұмыс істегеніне 10 жыл да болмаған. Яғни тіркелген және әлеуетті қатысушылар саны арасында айтарлықтай алшақтық бар.

2020 жылы "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Astana Hub технопаркінде акселерация бағдарламасынан кемінде 150 стартап өтеді деп жоспарланған. Алайда іс жүзінде акселерация бағдарламасынан барлығы 94 компания өткен. Бұл жоспардағыдан 37,3%-ға аз. Бұл технопарк шетелдік стартаптарды айтпағанда, отандық стартаптарды қолдауға назар аудармай отырғанын көрсетеді.

Сондай-ақ технопаркте тіркелген барлық қатысушының 85,5%-ы ғана салық жеңілдігінің игілігін көрген, ал қатысушылардың 14,5%-ы мұндай жеңілдікті алмаған.

Технопарк еліміздің технологиялық және инновациялық жағынан дамуына көмектесуі шарт. Алайда 2019 жылғы жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде "инновациялық әлеует" санатында Қазақстан 100 арасында 95-орынды иеленді.

Сондай-ақ соңғы жылдары елдегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға (АКТ) бағытталған шығыстар бір деңгейде қалып отыр. Мысалы, 2020 жылы Қазақстанның ЖІӨ-нен АКТ-ға арналған шығыстардың үлесі 0,6%, ал 2016-2019 жылдары – 0,5%-0,6% болды. 2015 жылы ең жоғары көрсеткіш тіркелді: 0,9%.

Дәурен Ерболат
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу