Қазақстан жылқы саны бойынша әлемдік ТОП-5 елдің қатарына енді

170

Елдегі жылқы саны 4,9 миллионға жеткен.  

Қазақстан жылқы саны бойынша әлемдік ТОП-5 елдің қатарына енді Фото: ЖИ

Қазақстанда мал мен құс саны артып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 2019–2026 жылдар аралығында ірі қара саны 10,8%-ға өсіп, 7,4 миллионнан 8,2 миллион басқа жетті. Қой мен ешкі саны 7,8%-ға артып, 19,2 миллионнан 20,7 миллион басқа дейін көбейді. Ал құс саны 9,1%-ға өсіп, 45 миллионнан 49,1 миллион басқа жетті.

Қазақстанда мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Әсіресе жылқы өсіру саласында айтарлықтай өсім байқалады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2019 жылдан бері жылқы саны 2,9 миллионнан 4,6 миллионға дейін өсіп, 58,6%-ға артқан. Осы көрсеткіштің арқасында Қазақстан жылқы саны бойынша әлемдегі алғашқы бес елдің қатарына енді.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі дерек бойынша, еліміздегі жылқы саны 4,9 миллион басқа жеткен. Сонымен қатар ірі қара саны 9 миллион, қой мен ешкі 23,3 миллион, құс 47,8 миллион, ал түйе саны 310,9 мың басты құрады.

Биылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 1,2 миллион тонна ет, 2,7 миллион тонна сүт өндіріліп, 3,2 миллиард дана жұмыртқа алынған.

– Мал шаруашылығын одан әрі дамыту мал басы өнімділігін арттыруды, селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жетілдіруді, жемшөп базасын нығайтуды және қайта өңдеу қуаттарын кеңейтуді көздейді. Тауарлы өнім көлемін ұлғайту, оның сапасын және ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін экономикалық тиімділігін арттыру басымдық болып қала береді, – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу