Қазақстанда адамның фото-видеосын келісімінсіз пайдалануға тыйым салынбақ

105

Ашық дереккөздерден алынған адамдардың фото-, видео бейнелерін олардың келісімінсіз пайдалануға олар рұқсат берген жағдайда ғана жол беріледі.

Қазақстанда адамның фото-видеосын келісімінсіз пайдалануға тыйым салынбақ Фото: ЖИ

Тиісті заң жобасы бүгін Құрылтайдың жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Ақпарат кеңінен таралып жатқан қазіргі жағдайда мемлекеттік органның ресми ұстанымы мен журналистік материалдың мазмұнын нақты ажыратудың маңызы арта түсуде. Осы мақсатта мемлекеттік органдардың жауаптарын БАҚ-та жариялау кезінде арнайы белгі қою ұсынылады", – деді Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Құрылтай отырысында.

Тағы бір маңызды мәселе – онлайн-ортада азаматтардың ар-намысын, қадір-қасиеті мен іскерлік беделін қорғау.

"Бүгінде ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін мәліметтер мен жала жабу платформалар арқылы кең аудиторияға таралуы мүмкін. Осыған байланысты заң жобасында теріске шығаруды ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін мәліметтер таратылған сол ақпарат көзінде, оның ішінде әлеуметтік желілерде де орналастыру көзделеді. Сондай-ақ масс-медиа мен платформаларда балағат сөздер қолданғаны және платформаларда жала жапқаны үшін әкімшілік жауаптылық енгізу ұсынылады. Бұл азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында ғана емес, цифрлық ортада да қолдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деп толықтырды ведомство басшысы.

Оның сөзінше, адамның бейнесін оның келісімінсіз пайдалануға қатысты жағдайлар нақтыланады

"Ашық дереккөздерден алынған адамдардың фото-, видео бейнелерін олардың келісімінсіз пайдалануға, тек адамның өзі оларды одан әрі пайдалануға тыйым салмаған жағдайда ғана жол беріледі. Сонымен қатар адамның жеке және отбасылық өміріне қатысты мәліметтер мен бейнелер оның қызметтік ісіне жатпайтыны тікелей бекітіледі", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу