Қазақстанда ұлдар қыздарды басып озды

2962

1 қыркүйектегі статистикада – ҚР халқының саны 19 млн адам. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,4%-ға артық. Оның ішінде ерлер саны 1,5%-ға (9,2 млн адамға дейін), әйелдер 1,3%-ға, (9,8 млн адамға дейін) өсті, деп жазады inbusiness.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеп.  

Қазақстанда ұлдар қыздарды басып озды

"Арасы жақындады"

Елдегі әйелдер саны ерлер санынан 6%-ға артық. 

Жылдың басында халық саны 18,9 млн адам болған (бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,3%-ға артық). Олардың ішінде әйелдер 9,7 млн, ерлер 9,2 млн еді. 1 000 ер адамға 1 061 әйелден келген. 2017 жылы 1 000 ер адамға 1 067 әйел келген болатын. Жыл сайын көрсеткіш біртіндеп төмендегені байқалады. 

Жыл басындағы мәлемтке сәйкес, ел халқының орташа жасы – 31,9 жас, оның ішінде әйелдердің орташа жасы – 33,5 жас, ерлердің орташа жасы – 30,2 жас.

Жастар арасында да ұлдар саны көп

Айта кетейік, жыл басындағы есепкей сай, кәмелетке толмағандардың ішінде керісінше ұлдар басым (3,17 миллион кәмелетке толмаған қыз, 3,36 миллион кәмелетке ұл). Яғни кәмелетке толмағандар арасында қыздар саны ұлдар санынан 5,7%-ға төмен.

Қазақстанның кәмелетке толған жастар арасында (19-29 жас) да қыздар саны ұлдар санынан төмен (3,3%). 1,4 млн ұл және 1,36 млн қыз. 

Тек 30 жастан бастап әйелдер саны көп. Айырмашылық 2,9%-дан басталып, 2,6 есеге дейін жетеді.

2020 жылы 426,8 мың сәби дүниеге келді (бір жыл бұрынғыға қарағанда 6,1%-ға жоғары). 

Өңірлер ішінде балалардың басым бөлігі Түркістан облысында дүниеге келді – 61,3 мың. Көшбасшы өңірлердің үштігінде Алматы облысы мен Алматы қаласы тұр.

220,8 мың ұл, 206 мың қыз дүниеге келді. Ұлдар саны қыздар санынан 7,1%-ға көп.

Туған қыз балалар санынан туған ұлдар санының артуы барлық 17 өңірде байқалады. Ең үлкен айырмашылық Маңғыстау облысында тіркелген, онда ұл балалар қыздарға қарағанда 9,2%-ға көп. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында да айтарлықтай айырмашылық байқалады (9%). Ең аз айырмашылық Павлодар облысында байқалды (4,4%).

2020 жылы туған кездегі өмір сүру ұзақтығы 71,37 жас болады деп болжанды (2019 жылғы 73,18 жас).

Халықтың туу кезіндегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы Алматы, Нұр-Сұлтан және Алматы облыстарында, ал ең азы Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қызылорда облыстарында тіркелді.

Гендерлік бөліністе ерлерде күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 67,09 жас, әйелдерде – 75,53 жас. Өмір сүру ұзақтығындағы айырмашылық – 8,44 жас.

Өмір сүру ұзақтығы туралы

Worldometer деректеріне сәйкес, әлем халқының өмір сүру ұзақтығы – 2020 жылы орташа есеппен, 73,2 жас. Әйелдер – 75,6 жас, ерлер – 70,8 жас.

Ең ұзақ өмір сүру ұзақтығы – Гонконгта (85,29 жыл). Көшбасшы елдердің үштігіне Жапония мен Макао кірді. 

Ең аз өмір сүру ұзақтығы Орталық Африка республикасында (барлығы 54,36 жыл) және Чадта (55,17 жыл) тіркелді.

Қазақстан бұл рейтингте 105-ші орында. Рейтингке барлығы 202 ел қатысқан, алайда кейбір елдер бірдей орын алып тұр. 

"Ұзақ өмір сүретін" ондаған елдің ішінде өмір сүру ұзақтығының ең аз айырмашылығы Исландияда (әйелдер 2,75 жыл артық өмір сүреді). Норман аралдарында (Британдық монархияның тәждік иеліктерінде), Швейцария мен Австралияда да аса көп алшақтық жоқ (3,49, 3,6 және 3,72 жыл). 

"Қысқа өмір сүретін" елдер арасында мұндай жақындық сирек кездеседі (Чадта – 2,92 жыл, ОАР-да – 4,42 жыл).

Әйелдер мен ерлердің өмір сүру ұзақтығындағы ең елеулі айырмашылық посткеңестік елдерде байқалады: Литва (10,73 жыл), Ресей (10,53 жыл), Беларусь (9,75 жыл), Украина (9,71 жыл) және Латвия (9,56 жыл). Қазақстан өмір сүру мерзімдерінде гендерге байланысты ең көп айырмашылығы бар он елді тұйықтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу