Қазақстанда мұнай өңдеу зауытын жаңғырту сәтті өтті

3570

Кейінгі айда нарықтағы дизель отыны проблемасы бойынша БАҚ-та және Үкіметте мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуға қатысты көптеген мәселелер туындады. 

Қазақстанда мұнай өңдеу зауытын жаңғырту сәтті өтті

Бұл ретте мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту уақтылы және табысты жүргізілгенін атап өту қажет.

Мәселенің мән-жайын білмей жатып, байбалам салушылар бар.

Модернизацияға дейінгі кезеңінде мұнай өнімдерінің барлық түрін (бензин, дизель немесе авиациялық керосин) шетелден жеткізуге өте тәуелді болдық. Бұлар Ресейден жеткізілді, Беларуссия МӨЗ-і шығаратын бензин мезгіл-мезгіл әкелінді.

Қазақстан нарығының 2014 жылғы тәуелділігі:
- 1,05 млн тонна бензин немесе ішкі қажеттіліктің 25% ;
- 730 мың тонна дизель отыны немесе ішкі қажеттіліктің 15% ;
- 151 мың тонна авиациялық отын немесе ішкі қажеттіліктің 27% - ы.

Айта кету керек, Қазақстанның отын нарығының тәуелділігі 2006-2007 жылдардан бастап сезіле бастады. Бұл кезде экономиканың өсуі, халық табысының ұлғаюы аясында жеңіл көлік паркі де, өнеркәсіптік-бағдарланған техника да ұлғайып, жаңарып келе жатқан. 

Осы кезеңнен бастап ҚР нарығында отын тұтынудың жыл сайынғы өсімі 6-8%-ға өскені байқалады. Яғни, импортталатын отынға тәуелділік мәселесі жыл сайын өзекті бола бастады. Ресейден Қазақстанға отын жеткізу экспорттық кедендік баж ставкаларын қолданбай жүзеге асырылды. Қазақстанда қажетті отын көлемінің ұлғаюына байланысты отын экспорттаушы елдің үкіметі кез келген сәтте "бюджетіміздің шығындарын өтеп бер" деп мәселе қоя алатын еді.

Бұдан басқа, отын импортына тәуелділік баға белгілеуге де елеулі әсер етті.
Сол кезде технологиялық жағынан артта қалған қазақстандық МӨЗ-дерді жаңғырту қажеттігі туралы шешімдер қабылданды, жобалық-сметалық құжат әзірлеу, мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру технологияларын таңдау жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылды, олар қазақстандық нарықтың перспективалы мерзімдерге арналған қажеттіліктеріне ғана емес, XXI ғасырдың 3-4 онжылдықтарында сұранысқа ие болатын жаңа өнімдерді өндіруге де сәйкес келеді. Бұдан басқа, МӨЗ өндірістік қуаттарының өздерінің ел экологиясына зиянды әсерін барынша азайту, сондай-ақ мұнай өңдеу өнімдерінің экологиялылығын арттыру мәселесі де маңызды фактор болды.

2019 жылдан бастап қазақстандық нарықтың бензиндердің барлық түрлерінің импортына тәуелділігі толығымен жойылды. Дизель отыны мен авиациялық керосин импортына тәуелділік 0-ге дейін азайды. 

Жаңғыртудың барлық белгіленген мақсаттарына қол жеткізілді, атап айтқанда:

  1. Мұнай өнімдерінің негізгі түрлеріне ішкі қажеттілікті толық қанағаттандыру бөлігіндегі Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі;
  2. К-4/5 экологиялық сыныбына сәйкес келетін мұнай өнімдерін өндіру;
  3. Мұнай өңдеу кәсіпорындарының қоршаған ортаға және халыққа зиянды әсерін азайту.

2019 жылдан бастап, шамамен 15 жыл өткен соң, қазақстандық МӨЗ әлемдік нарықтарға бензин мен дизель отынын экспорттауды қайта бастады.

1 жылдан аз уақыт ішінде қазақстандық бензин ресейлік жеткізушілермен бәсекелесе отырып, Орталық Азия нарықтарын, соның ішінде Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстанды жаулап алды. Қазақстандық бензинді Қара теңіз порттарына жөнелту қайта жанданды.

"Ал біз не істеуіміз керек?". Қарапайым тұтынушының мұндай сұрақ қоюя ақылға қонымды. Дайын өнімнің экспорты - бұл экспорттық баждар есебінен де, сондай-ақ дайын өнімнің экспортталатын түрлерінің неғұрлым жоғары қосылған құны есебінен де ҚР бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюы. Ел бюджетінің кіріс бөлігінің өсуі - бұл бюджетшілердің жалақысын арттыру мүмкіндігі, сондай-ақ ел халқының әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік қолдау шараларын ұлғайту мүмкіндігі.

Бұдан басқа, жаңғыртудың мақсаты қазақстандық нарықтың ресейлік отын өндірушілердің бағасына тәуелділігін жою болды. Ел нарығында отынға баға белгілеудің әлеуметтік маңыздылығын түсіне отырып, МӨЗ-ді жаңғырту елдегі отынға бөлшек сауда бағаларын төмен деңгейде ұстап тұру мүмкіндігін қамтамасыз етті. Бүгінгі таңда Қазақстанда отынға бөлшек сауда бағасы посткеңестік кеңістікте ғана емес, бүкіл әлемде ең төмен бағалардың бірі болып табылады.

Бәрі жақсы сияқты. Шынымен солай ма?

ҚР МӨЗ-ін жаңғыртудың тағы бір нәтижесі, сөзсіз, мұнай өңдеудің экономикалық тиімділігін арттыру болуы тиіс еді. Яғни, таяу жылдарда ел ішінде мұнай өңдеудің және осы мұнайдың экспортының тең пайдаға қол жеткізу. Бензин, дизель, мұнай-химия өнімдері экспортының жаңаруымен қазақстандық мұнайшылар күтілетін нәтижені сезінді. Жергілікті МӨЗ-ге өңдеуге жеткізілетін мұнайдың құны айтарлықтай өсті.

Бірақ коронодағдарыс келді, ол әлемдік энергия тұтынуына соққы беріп, мұнай бағасын түсірді. Бұл Қазақстандағы мұнай өндіру экономикасына ауыр тиді. Әлемдік нарықтарда мұнай теріс бағамен саудаланғаны, ал Қазақстанның әлемдік нарықтардан алшақтығын ескере отырып, қазақстандық мұнайдың экспорттық құны оның теріс мәндерінен тағы 7-8 $/баррельге төмен болғаны баршаның есінде. Бұл жерде кен орнында қалыптасқан мұнайдың құнын айтып отырмын.

Бұл нені білдіреді? Бұл елдің бюджеті мұнай саласынан ешқандай кіріс көрмейді дегенді білдіреді. 

Әлемдік экономиканың жандануы, 2020 жылдың аяғында сауданың қайта басталуы әлемдік экономиканың дамуының жаңа кезеңіне серпін берді. Мұнай бағасы көтерілді, бірақ қазақстандық отын нарығында:

  • мұнай өнімдерінің жоғары өнімді сорттарын экспорттауға тыйым салу қажет;
  • ел үкіметі әлемдік нарық пен көршілеріміздің нарықтары алға озып кеткенімен, отын бағасының өсуіне жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдауда.

Нәтижесінде модернизацияның экономикалық тиімділігі 0-ге азаяды.
Бүгінде қазақстандық МӨЗ-дерге бензин өндіріп, оны ел ішінде сатқаннан гөрі мазут өндіру және оны экспортқа жіберу тиімдірек деп айтуға болады. Нонсенс дейсіз бе?

Бірақ бұл солай. Мұндай парадокстың себебі неде? Мұның бір себебі – теңгенің әлемдік валюталарға қатысты бағамы. Тағы бір себеп – елдегі ішкі бағалардың қазіргі нарықтық шындыққа сәйкес келмеуі. Валютаға экспортқа өткізілетін мазуттың нақты құны бүгінде ел ішінде теңгемен өткізілетін бензин құнынан жоғары.

Айтылғанның бәрін қорытындылай келе, қазақстандық мұнай өңдеуді жаңғырту сәтті өтті деген түсінік бергім келеді. Оның нәтижелері мен жалпы экономикаға оң әсері күмән тудырмайды. Мұнайшылар белгілеген барлық мақсат орындалды.

Тек біз оның артықшылықтарын пайдалануды үйренуіміз керек.

Ерлан Жаукин


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу