Қазақстандық арзан дизельдік отын көршілес нарыққа кетуде

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
14448

Энергетика министрлігі дизельдік отынға шектік бөлшектік бағаны мемлекеттік реттеуді алып тастауды сұрап отыр. 

 Қазақстандық арзан дизельдік отын көршілес нарыққа кетуде

Еске сала кетсек, 15 шілде күні "ҚазМұнайГаз Өнімдері"  ЖШС ЖММ бөлшектік нарығында, сонымен қатар ҚМГ ЖЖС желілерінде "дәл қазіргі уақытта дизельдік жанармайды іске асыру көлемі күрт артқандығы байқалады" деп хабарлаған болатын.

Сонымен бірге, abctv.kz  сайтына 19 шілде күні компаниядан "күрт" арту туралы қандай да болмасын ақпаратты алу мүмкін  болмады.

Осы ретте ЖШС кейбір ЖЖС жанармайды талон арқылы сатып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды. "Ондай сатылу жоқ ( жанармайды талон арқылы сат-авт. қараст.) Егер әкелсе, сатады",- деп мәлімдеді компания.

18 шілде күні жанармайды сату жағдайы былайша болды. Дүйсенбі күні  Алматыда   Sinooil ЖЖС-да жанармайдың 1 литрі 99 теңгеден сатылған. "Гелиос" станциясында жанармай әзірге бар, бірақ түске дейін құйып алу ұсынылған. Ол жерде де литрі 99 теңгеден сатылуда.  Royal Petrol ЖЖС-да жанармай тек талон арқылы ғана сатылуда. "ҚМГ" ЖЖС-да әзірге жанармай баршылық, бірақ "өте аз", бағасы- 99 теңгеден",- деп abctv.kz сайтының тілшісі мәлімдеді.

Астанада Sinooil, ҚМГ, "Номадойл", "Аурика"  және  "Гелиос" ЖЖС-да жанармайдың бір литрі 99 теңгеден қолма-қол ақшаға және талона арқылы да сатылды. "Асқар"  және "Тайм" ЖЖС-да жанармай болмады.

Қостанай мен Павлодар қалалары жанармай туралы мәселе жоқтығын айтып қысқа жауап қайтарды. Петропавл қаласында ҚМГ және "Гелиос" жанармайы еркін сатылымда, бағасы 1 литрге 99 теңгеден. Атырау қаласында да  тура осындай жағдай.

 

Өскемен қаласының барлық ЖЖС-да да жағдай тыныш болды. "Гелиос", "ҚазМұнайГаз", Sinooil сияқты ірі компанияларда жанармай бағасы бір литрге 99 теңгеден деп белгіленді. Оны талон арқылы да, бөлшек сауда арқылы да сатып алуға болады. Осы компаниялардың Шығыс Қазақстандық филиалдарында  abctv.kz сайтының жанармайды Ресейге сатылымға шығарасыздар ма? деген сұрағына "жоқ" деп жауап берді.

"Біздің филиал мұнымен айналыспайды. Бізде еркін сатылым, біз нарықта алыпсатарлықпен айналыспаймыз. Ресейге тасымалдамаймыз, ол бізге не үшін қажет? Біз тіпті ЖЖС-да бензин тасымалдайтын көліктерге де құймаймыз, бізде жанар-жағар май станциялары көп, жанармайды еркін сатамыз. Менің білуімше, жанармайды сатуда ешкімге шектеу қойылмайды, ал біз "жасырын"  ештеңе істемейміз",- деп түсіндірді ШҚО "ҚазМұнайГазӨнімдері" ЖШС филиалының сату бойынша абоненттік бөлім менеджері Сейітбек Асхат.

Сонымен бірге, дүйсенбі күні Ақтөбенің кейбір станцияларында жанармай тек талон арқылы сатылды. "ҚазМұнайГаз", Sinooil және "Гелиос" сияқты ірі ЖЖС желілерінде жанармай сатылымда талон арқылы да, қолма-қол ақшаға да болды. ҚМГ-ның бір станциясы Жылқайыңда жанармай бірнеше сағат бұрын бітіп қалған.  Қалада "ҚМГ" жанармайдың 1 литрін 99 теңгеден , 92- бензинінің литрін 125 теңгеден, 95- бензин литрін 138 теңгеден  ұсынуда. А-98 маркалы бензиннің бір литрі 146 теңгеден.

Ал "Юралс" ЖЖС желілерінде жанармай мәселесі бар. Және тек сонымен ғана емес. Нокин даңғылы бойындағы станциялардың бірінде А-80 бензинін және солярканы тек талон арқылы немесе смарт-карталар арқылы ғана алуға болады деген хабарландыру жазылып тұр. А-80 маркалы бензин бағасы литріне 89 теңгеден, жанармай-литрі 99 теңге, Аи-92- литрі 124 теңге, 95- бензин 138 теңгеден сатылуда.

Бұл жерден үнемі алыс жолға шығатын жүргізушілер жүреді. Біз жанармайды талон арқылы сатып өзімізді сақтандырғымыз келеді, кім біледі олар барлығын сатып әкетуі мүмкін ғой"-деп түсіндірді ЖЖС жұмыскері.     

Қазақстанның ЖЖС нарығында дағдарыс жанармай бағасының көршілес нарықтармен салыстырғанда айырмашылығының болуы нәтижесінде пайда болды. petrolplus.ru сайтының хабарлауынша РФ-да жанармайдың бір литрінің орташа бағасы бөлшек саудада 34,8 ресейлік рубльді құрайды, ал Аи-92 34,4 рубль.

Егер 19 шілдедегі ҚР Ұлттық банкінің бағамы бойынша есептейтін болсақ, онда Ресейде дизельдік отын литрі 186,88 теңге, Аи-92 -184,73 теңге. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, Аи-92 бензинінің бөлшектік бағасы РФ-на импортталатын бензиннің үштен бір сұранысында және бір литрге 123-125 теңгені құрайды, ал жанармайға шектік бөлшектік баға мемлекетпен реттеледі де, бір литрі үшін 99 теңгені құрайды.

"Ресейде ол екі есе қымбат, Қырғызстанда, менің ойымша, баға 70 пайызға қымбат. Мәселе Қырғызстанға өте көп көлемде жанармай кететіндігінде. Транзиттік көлік, Қырғызстанның автокөлігі біздің территориядан бензин құяды және өкінішке орай, әкімшілік тежегіштер бұл көлемді бақылауға және тоқтатуға мүмкіндік бермейді. Тасымалдауға ресми тыйым салу бар",- деді ҚР энергетика вице-министрі Әсет Мағауов abctv.kz сайтына.

Ішкі және сыртқы нарықтағы бағалардың айырмашылығы қазақстандық жанармайды көршілес нарыққа өздерінің жеке қолдануы үшін шығарылатыны ынталандырады. Вице-министрдің айуынша, Қырғызстандық азаматтар қазақстандық жанармайды көлікпен тасымалдай алмайды, алайда оны бензобактар мен канистрлар арқылы тасымалдауға ешкім тыйым салмайды.

"Олар тыйым салғанға қарамастан, өздерінің қолдануы үшін барлық машиналарына Қазақстаннан бензин құяды. Мысалы, қырғызстандық жақта жеке қолдануы үшін бір адам 20 литрлік канистрмен және автокөліктің бензобагымен ғана тасымалдау керектігі туралы қаулы бар. Бірақ олар өздерінде 20 литрді тоннаға жеткізіп тасымалдап жатыр",- деді ол.

Осыған байланысты Энергетика министрлігі АИ-80 және жанармай бағасы нарықтық жолмен қалыптасуы үшін олардың бағасына  мемлекеттік реттеуді алып тастауды ұсынады. Алайда аталған ұсыныс дәлелденуі және басқа да мүдделі  мемлекеттік органдардан қолдау табуы керек. "Біз реттеуді ұсынамыз. Әзірге талқылану процесінде. Бізге есептеулер жасау керек",- деді Әсет Мағауов. Әзірге мекеме жанармайдың МӨЗ-нан ЖЖС-на дейін жеткізілуіне мониториг жасауда.

"Біз қазір министрліктің тапсырмасы бойынша  барлық зауыттардан жөнелтілімді қадағалайтын штатты құрудамыз. Кідіріс болмауы үшін күн сайын қадағалап отырамыз",- деді ол.

 "Біз қазір барлық үш мұнай өңдеу зауыттарына өндіру көлемі мен ірі өңдеуге беруші арасындағы жөнелтілімге сұраныс жібердік, ресурсты ұстаушыларға да олардағы көлем қандай екендігі туралы және өңірлік операторларға қанша жібергендігі жайында сұраныс жібердік. Осы ақпаратқа күнделікті мониторинг жасап отырғымыз келіп отыр.Барлық МӨЗ жұмыс істейді. Тамыз айының соңында бізде Шымкент МӨЗ жөндеуге тұруы керек, алайда біз жөндеу кезеңін 30 күнге дейін қысқарттық",- деп ақпарат берді вице-министр.

Осымен бірге, Мағауов мырза дәл қазіргі уақытта республикада жанармайдың жеткілікті қоры бар екенін атап кетті.

2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға авиациялықты қоса алғанда 1 млн 526,8 мың тонна бензин әкелінген, бұл 2015 жылдың қаңтар-маусым айларына қарағанда 13,6%-ға көп деп ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлады. Жанармайды шығару  10,6%-ға, яғни 2 млн. 370,7 мың тоннаға өскен, ал жағылатын мазут 13,5%-ға, яғни 1 млн. 408,3 мың тоннаға төмендеген. 

"Былтырғы жылмен салыстырғанда бізде жанармай 10%-ға көп артылып қалған, жанармай 210 мың тонна. Бұл егістікке арналғаннан бөлек. Бізде егістік үшін резервке қойылған көлем жеке тұр, бұл жерде де ешқандай проблема көріп отырғанымыз жоқ", - деді ол.

Вице-министр Қазақстанда жанармайдың жылыстауының нақты санын  қадағалау қиын екендігін атап кетті. "Біз нарықта жұмыс істейтін операторлармен сөйлестік, айына 20 тонна бензин Қырғызстанға транзиттік көлікке бензин құю арқылы кетеді",- деді ол.  

Осымен бірге Қазақстанда әрбір қыс сайын жанармайдың профициті жиналып қалады. "Негізі қыста жанармайды ешкім 99 теңгеден сатып алмайды. Осы қыста оны қайда жіберерімізді білмедік. Тіпті осы қыста да бағаның қандай болатынына қарамастан, бізде тағы да жанармай жиналып қалатын болады",- деді вице-министр.  

Ол сонымен қатар Қазақстанда қазір мемлекетпен реттелмейтін Аи-92/93 бензинінің бөлшектік құны ресейлік бағаға неге жуықтамайтынын да айтты. "Аи-92 бағасы неге өспейді? Біздің бөлшектік баға салықтарды есепке ала отырып ресейлік бензиннің қосымша көлемін әкелуге мүмкіндік береді, яғни біз Ресейден әкеле аламыз және өзімізде125 теңгеден сата аламыз. Ал жанармай бойынша бұлай істеу мүмкін емес, біз көп көлемде әкеле алмаймыз",- деп түсіндірді Әсет Мағауов. 

Жанболат Мамышев, Астана; Семен Данилов, Ақтөбе; Руслан Алманов, Алматы; Ольга Ушакова, ШҚО; Марина Попова, Павлодар; Диана Слинькова, Петропавл; Татьяна Шестакова, Қостанай; Лев Гузиков, Атырау;

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу