Қазақстандық балуандар Таиландта 2 алтынды қанжығалады

187

Турнир 22 қарашаға дейін жалғасады.

Қазақстандық балуандар Таиландта 2 алтынды қанжығалады Фото: olympic.kz

Қазақстандық грек-рим күресінің балуандары Таиландтағы халықаралық турнирде қарсыластарына мүмкіндік бермей, екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі таңда Таиландтың Сирача қаласында күрес түрлерінен халықаралық жарыс өтіп жатыр. Бозкілемге алғашқылардың бірі болып грек-рим күресінің өкілдері шықты.

Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальдарды Еркебұлан Анапия мен Данияр Қанағатбек салды. 82 келіге дейінгі салмақта белдескен Еркебұлан Анапия және 72 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Данияр Қанағатбек қарсыласынан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу