Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында 3 алтын медаль жеңіп алды

120

U19 санатында Қазақстан құрамасы 3 алтын және 5 қола медаль еншіледі.  

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында 3 алтын медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан бокстан U19 және U23 жас санатындағы Азия чемпионатында финалдық жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

15 шілдедегі күндізгі сессияда U19 санатындағы қыздар арасындағы финалдық кездесулер өтіп, Қазақстан құрамасы үш алтын медальға қол жеткізді.

70 келіге дейінгі салмақта Камила Оспанова финалда өзбекстандық Мафтуна Янгиеваны жеңіп, чемпион атанды.

80 келіге дейінгі салмақта Айдана Убайдуллақызы үндістандық Мегха Шеокандтан басым түсіп, алтын медаль иеленді.

Ал 80 келіден жоғары салмақта Зарина Толыбай Үндістан өкілі Прачи Токасты жеңіп, Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды.

Осылайша, U19 жас санатындағы Қазақстан құрамасының еншісінде 3 алтын және 5 қола медаль бар. Бұған дейін Мадира Жұмақан (48 келіге дейін), Едіге Нұрғожа (55 келіге дейін), Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Айсұлу Мұхит (65 келіге дейін) және Жалғас Утебеков (90 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.

Азия чемпионаты жалғасуда. 15 шілденің кешкі сессиясында U23 санатындағы әйелдер финалы өтсе, 16 шілдеде ерлер арасындағы шешуші жекпе-жектер ұйымдастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу