Қазақстандық конькиші Әлем кубогы кезеңінде алтын алды

346

Алина Дауранова 1000 метр қашықтықта алдына жан салмады.

Қазақстандық конькиші Әлем кубогы кезеңінде алтын алды Фото: olympic.kz

Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының спортшысы Алина Дауранова Италияның Коллальбо қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алина Дауранова 1000 метр қашықтықта бірінші болып мәре сызығын кесіп, алтын жүлдеге ие болды. Бұл қашықтықта күміс жүлдені италиялық Мэйбрит Вигль, ал қола медальді норвегиялық Инна Накен иеленді.

Тағы бір отандасымыз Арина Ильященко қола медальға бір қадам жетпей, төртінші орын алса, Алёна Лифатова бесінші нәтиже көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу