Ташкентте жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарыстың кезекті күнінде Қазақстандық Ксения Прозорова 61 келіге дейінгі жасөспірімдер санатында алтын медаль жеңіп алды.
Қоссайыс қорытындысы бойынша Ксения 204 келі көтерді. Оның көрсеткіші 94 және 110 келі болды.
Екінші орынды Өзбекстан өкілі Муниса Балтаева 200 келі нәтижесімен иеленді. Оның көрсеткіші 89 және 111 келі болды.
Иран спортшысы Хажар Седе 195 келі көтеріп, үздік үштікті түйіндеді. Оның нәтижесі 90 және 105 келі болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу