Мектеп үйірмесінің базасында жиналған жасөспірімдер командасы сал адамға мүгедек креслосын ешбір қиындықсыз басқаруға және телефон немесе ноутбук пайдалануға көмектесетін бірегей протез әзірледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жоғары сынып оқушысы Қанат Тәжихан оны қалай жүзеге асырып, Samsung Electronics және Red Bull стартаптарының халықаралық конкурстарында жеңіске жеткенін айтып берді.
– 7-сыныпта робототехникаға деген қызығушылығым оянды. Мені өз қолыммен құнды және маңызды бірдеңені толықтай жасай алатыным қызықтырды. Бұл үшін мен мектеп үйірмесіне бардым, бағдарламалау негіздерін үйрендім. Бірақ барлық жоспарларымды пандемия бұзды. Бір-екі аптадан кейін үйірме жабылып қалды.
Карантин жағдайында мен қол қусырып отырмай робот техникасы бойынша қандай да болсын білімді өз еркімен меңгеруге бел будым. Мен қажетті платалар мен жабдықтарға тапсырыс беріп, ескі ноутбугымды іске қосып, робототехника әлеміне сүңгіп кеттім. YouTube менің мұғалімім, ал форумдар мен онлайн курстар – менің тәлімгерлерім болды. Бұл нақты құрылғылардың қалай жұмыс істейтінін түсінгенімде, өзімді-өзім дамытудың қызықты кезеңі болды.
Алғашқы жобалар, жетістіктер және ЖИ-мен жұмыс
Карантин аяқталып, дағдылы өмір қайтып келгенде, мен одан да маңызды нәрсе жасай алатынымды түсіндім. 9-сыныпта өзімнің алғашқы нақты жобамды әзірледім. Ол күн панельдерінің тиімділігін жақсартуға арналды. Мен кемшіліктерді іздеуге және оларды жоюға арналған, панельдердің өнімділігін арттыра алатын жүйені ұсындым. Бұл кейс маған жұмыс механизмдері мен принциптерін тереңірек түсінуге көмектесіп қана қоймай, одан әрі өсуге түрткі болды. Мен бірнеше конкурстарда жеңіске жеттім, министрліктен грант алдым, енді менің робототехникадағы жолым әлдеқайда үлкен болуы мүмкін екенін сезіне бастадым.
Уақыт өте келе мен үлкен жобалар үшін менің мүдделерімді бөлісетін команда керек екенін түсіндім. Осылайша Қалдыбай Барысханмен таныстық. Біз жасанды интеллектті пайдалана отырып, қалдықтарды сұрыптау жүйесін бірге әзірледік. Жоба табысты болды және кейбір мамандардан жоғары баға алды. Онымен бірге біз Samsung Electronics компаниясының Solve for Tomorrow конкурсына қатысуға шешім қабылдадық. Осы беделді республикалық стартаптар конкурсына қатысу менің арманым болды. Бірақ, өкінішке қарай, 2023 жылы біз іріктеуден өте алмадық. Алайда, үмітсіздіктің орнына біз бұл тәжірибені уәждеме ретінде қабылдадық.
Umit жобасы: мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған инновациялар
Біз күшімізді әлеуметтік жобаға бағыттауды шештік. Оған мүгедектігі бар адамдарға арналған орталыққа бару себеп болды, онда біз олардың күнделікті қандай проблемалармен бетпе-бет келетінін көрдік. Мысалы, оларға үстіңгі сөрелерден кітап алу қиын болды, оларға тіпті қозғалыс сияқты қарапайым тапсырма да нағыз сынаққа айналады екен.
Сол кезде біз мүмкіндігі шектеулі жандарға қозғалуға көмектесетін экзоскелет жасауды ойладық. Осы кезеңде мен Стивен Хокингпен роликтерді көре бастадым, осы тақырып бойынша статистика мен материалдарды зерттедім. Содан кейін цифрлық технологиялар шешім болуы мүмкін деген түсінік пайда болды. Біз тілдің көмегімен мүгедектер арбасын басқару жүйесін әзірлеу идеясына келдік – бұл нағыз серпіліс болды. Біз жобаны "Umit" деп атадық және Solve for Tomorrow 2024-ті бағындыруға аттандық. Бұл жолы бізге сәттілік серік болды – біз жартылай финалға өттік!
"Umit" біздің шығармашылығымыздың ғана емес, сонымен қатар мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін терең талдаудың нәтижесі болды. Біз CustDev (қажеттіліктерді зерттеу) жүргіздік және джойстиктердің мүгедектер арбасын басқаруға мүлде жарамсыз екенін түсіндік. Өйткені сал ауруы кезінде оларды пайдалану қиын.
Бұл жерде біз адам тіліне назар аудардық. Біздің ойымызша, дәл осы тіл джойстик болуы тиіс еді. Шешім протез түрінде келді, ол ауыз қуысына салынады және Bluetooth және Wi-Fi арқылы жұмыс істей алады. Ол арнайы датчиктермен және гироскоппен жабдықталған.
Іске асыру үдерісі күрделі болды. Протездің бір уақытта бірнеше құрылғыға бейімделуі үшін бағдарламаны үнемі "қайта құрастыруға" тура келді. Қымбат микрочиптермен жұмыс істеу ең қиыны еді. Біз ылғалдан тиісті қорғаудың болмауынан олардың жанып кетуінен қорқатын едік. Бірақ барлық қиындықтарға қарамастан, біз оптимизмді жоғалтқан жоқпыз.
Нәтижесінде, бәріне бірдей жүгіре бермей, тек ноутбукті басқаруға ғана назар аудару шешілді. Басты міндет әзірлеу мүмкіндіктерін көрсету еді. Бұл тәсіл бізге конкурс финалында протездің макетін табысты көрсетуге мүмкіндік берді. Samsung Electronics компаниясы бізге үшінші орынды және бір миллион теңге сомасына грант берді. Бұл жеңіс бізге жобаны пысықтауға жаңа күштер мен ресурстар берді.
Жаңа сын-қатерлер мен мүмкіншіліктер
Конкурс сәтті өткеннен кейін басқа да проблемалар басталды. Команданың кейбір мүшелері жобаға қолын сілтеп, ұтысты бөлісуді ұсынды. Портфолио жиналды, университетке түсуге дайындалу уақыты келді деді. Бірақ ЖОО-ға дайындық мені мүлдем қызықтырмады. Менің барлық ойларым жоба туралы болды, мен оған жан-дүниемді салып, оның үлкен әлеуетін көрдім. Сондықтан жобаны жалғастыруға көндірдім.
Біз келесі халықаралық Red Bull Basement конкурсына өтінім бердік. Бұл жерде біз бәсекелестерден әлдеқайда басым болдық. Барлығы Solve for Tomorrow бағдарламасында алынған тәжірибенің арқасында. Біз барлық кезеңдерден өтіп, жеңімпаз болдық, бұл бізге әлемдік финалға Токиоға баруға бірегей мүмкіндік берді.
Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Біз "Umit" жобасының орасан зор әлеуеті бар екеніне және бүкіл әлем бойынша жүз мыңдаған адамның өмірін өзгерте алатынына сенімдіміз. Біз үшін маңызды кезеңге айналған Solve for Tomorrow конкурсына ризамыз. Оның үстіне, Samsung Electronics тәлімгерлері бізді қолдап, қазір Жапония астанасындағы Red Bull конкурсының шешуші кезеңіне дайындалуға көмектесуде. Бұл тек жолдың басы ғана және біз әлемді жақсартуға барымызды саламыз.
Solve for Tomorrow жобасы – болашақ IT-мамандардың фабрикасы. Жыл сайын конкурс бүкіл Қазақстан бойынша мыңдаған оқушыларды біріктіреді. Мұнда оқушылар өз шешімдерін ғылым, технология, инженерлік іс және математика (STEM) көмегімен ұсынады. Solve for Tomorrow жүлде қоры 10 млн теңгеден асады.
Әлеуметтік жоба Қазақстанда төртінші жыл Samsung Electronics жетекшілігімен жүзеге асырылуда. Серіктесіміз – жобаны жалпы үйлестіруге, әкімшілік сәттерге және командалар мен менторлардың коммуникациясына көмектесетін AYALA қайырымдылық қоры.
Егер сен визионерлердің бірі болғың келсе, бізге қосыл. Конкурс туралы толығырақ solvefortomorrow.kz ресми сайтынан білуге болады.