Қазақстандық парадзюдошы Бексұлтан Құлмырза Азия Пара ойындарының чемпионы атанды

216

Қазақстандық парадзюдошылар тағы екі медаль еншіледі.

Қазақстандық парадзюдошы Бексұлтан Құлмырза Азия Пара ойындарының чемпионы атанды Фото: olympic.kz

Қазақстандық парадзюдошы Бексұлтан Құлмырза Жапонияның Аичи–Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Ким Донхунды иппонмен жеңіп, жарыс чемпионы атанды.

Осы салмақта Ғалымжан Смағұлұлы Иран өкілі Реза Голамиден басым түсіп, қола жүлдеге ие болды.

Әйелдер арасында Даяна Федосова J2 санатында 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін өткен белдесуде сингапурлық Хунг Джоан Хуэй Синді иппонмен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынындағы медаль саны 20-ға жетті. Оның төртеуі – алтын жүлде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу