Біріккен әлем күресі (United World Wrestling) қазақстандық Ризабек Айтмұханды мамыр айының үздік еркін күрес балуаны деп атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мамыр айында қазақстандық спортшы Вьетнамда өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. UWW мәліметінше, Айтмұхан 23 жасқа дейінгі Азия чемпионатында барлық үш кездесуін техникалық басымдықпен аяқтап, өз жас санатындағы екінші құрлықтық чемпиондық атағын иеленген.
Азия чемпионатында Ризабек Айтмұхан үндістандық Лакиді 10:0, өзбекстандық Отабек Назирбоевті 11:1 және қырғызстандық Жагалан Будашаповты 14:4 есебімен жеңді.