Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында командалық есепте үш медаль иеленді

325

Кувейтте кадеттер мен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы шеберлік танытып, командалық жарыстарда үш медаль – бір күміс және екі қола жеңіп алды.  

Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында командалық есепте үш медаль иеленді

Ерлер сабля командасы күміс медальға ие болды. Нұрмұхаммед Жайлыбай, Қайназар Нұрқатұлы, Сұлтан Станбек және Сұлтан Асылбеков турнир барысында сенімді өнер көрсетіп, финалға дейін жетті. Бірақ соңғы сәтте жеңісті уыстан шығарып алды.

Әйелдер рапира командасы қола медальға қол жеткізді. София Ақтаева, Алина Искандерова, Полина Долгополова және Алена Гноева команданың жетістікке жетуіне үлес қосты.

Тағы бір қола медальді шпагадан ерлер командасы жеңіп алды. Георгий Тинников, Богдан Лукин, Ғабидин Мұстафин және Кирилл Проходов жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі орынға ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу