Шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасының ең тәжірибелі мүшесі Эльмир Алимжанов 2024 жылғы Олимпиаданың 1/16 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алимжановтың қарсыласы – франциялық Луиджи Мидльтон болды. Қарсыластар өте тартысты жекпе-жек өткізіп, жеңімпаз бір ұпай айырмашылығымен анықталды.
Кездесу 15:14 есебімен Эльмирдің жеңісімен аяқталды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        