Қазақстандық таеквондошылар халықаралық турнирде 2 медаль жеңіп алды

183

Төлеуғали мен Махмұтова топ жарды.  

Қазақстандық таеквондошылар халықаралық турнирде 2 медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан халықаралық таеквондо турнирінде Қазақстан құрамасы қоржынына тағы екі медаль түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Батырхан Төлеуғали 87 келіге дейінгі салмақта барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атанды. Назым Махмұтова 73 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Бұған дейін Нұрай Бауржанова, Рита Бакишева (49 келіге дейін) және Азим Ниязов (63 келіге дейін) қола медаль иеленген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу