Қайша Жаныбек, Адема Серікбай, Наргиз Сайдуллаева және Адиля Рсалина Джакартада (Индонезия) өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының командалық жарысында қола жүлдеге ие болды.
Қазақстандық спортшы қыздар 1/8 финалға шығу үшін Малайзия командасын 45:21, ал төрттікке шығу кезеңінде Оңтүстік Кореяны 45:38 есебімен жеңді. Жартылай финалда олар Өзбекстан командасына 37:45 есебімен жол берді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азияның 15 командасы арасында 3-орынға көтерілді.
Айта кетейік, алтын медальды Қытай құрамасы жеңіп алса, Өзбекстан спортшылары күміс жүлдеге ие болды.
Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі, София Актаева, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды. София рапирамен жартылай финалға дейін жетіп, финалға шығу үшін қытайлық Чжу Линьлиньмен кездесті.
Кездесу 14:15 есебімен Қытай спортшысының жеңісімен аяқталды. София Актаева да жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.