Қазақстандық "Қорамсақ" қару-жарақ қауымдастығы қару-жарақ сатуға толық тыйым салуға қарсы

10753

"Атамекен" ҰКП-да аккредиттеуден өткен қару-жарақ қауымдастығының вице-президенті Сергей Катонов қауіпсіздікті күшейту, қару-жарақ дүкендерінің күзетіне қойылатын талаптарды күшейту, сатушыларға қызметтік міндеттерін атқару барысында қару ұстану құқығын беру мәселелерін қарау керек деп есептейді. Сонымен бірге қару-жарақты сатуға толықтай тыйым салу осы қызмет түрімен айналысып жүрген кәсіпкерлерге кері әсерін тигізуі мүмкін.

 Қазақстандық "Қорамсақ" қару-жарақ қауымдастығы қару-жарақ сатуға толық тыйым салуға қарсы

 "Қару-жарақ дүкендері – бұл өз қызметін ҚР заңнамасына сәйкес қатаң түрде іске асырушы  заңды компаниялар, ал қару-жарақ  иесі міндетті түрде арнайы тексеруден, психикалық  денсаулығына дәрігерлік тексеруден , ішімдік пен есірткіге әуестігі тексеріліп, содан кейін ғана ІІМ-нен қару-жарақты сатып алуға рұқсат алады",- деп Сергей Катонов түсініктеме берді. Ол қару-жарақ бизнесі басқа да кәсіпкерлік түрлері сияқты  қазынаны толтырып және жаңа жұмыс орындарын жасап экономиканың өсуіне ықпал етеді деп атап көрсетті.

"Бүгінгі күні азаматтық және қызметтік қару-жарақ сату бойынша қызметке лицензиясы бар 85 кәсіпорында   2000-нан астам адам жұмыс істейді. Осылайша, аталған дүкендерді жабу дағдарыс жағдайында әлеуметтік қобалжуды туғызады",- деп Қазақстан қару-жарақ қауымдастығының вице –президенті атап көрсетті.

Сонымен бірге, "Қорамсақ" қауымдастығы қару-жарақ бизнесіне толықтай тыйым салу, заңсыз сатушылардың және қару-жарақ нарығының  басқа, жасырын түріне әкеледі деп есептейді.

Еске сала кетсек, қоғам қайраткерлерінің бірқатары Ақтөбеде болған қайғылы жағдай жайында айта отырып, Қазақстанда  қару-жарақ сату дүкендерін жабу туралы бастаманы ұсынған болатын.

Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу