Қазақстанның IT-нарығы: сәтсіз өткен үш жыл

Александр Галиев Александр Галиев
20242

Елдің ақпараттық технология нарығы еркін айналым жағдайына түсіп, соңғы жылдары сәтсіздікке ұшырап отыр.

Қазақстанның IT-нарығы: сәтсіз өткен үш жыл

2016 жыл – сала үшін жаңа антирекорд жылы болды

Елдегі IT-нарығы дағдарысының негізінде бірнеше оқиға жатыр. Оның біріншісі – шикізат нарығындағы жылықтырып болған қолайсыз жағдаят. Екіншісі – Қазақстан экономикасының экстенстивтік даму моделі өзін түгесіп біткендігі. Ал үшіншісі – өзаратәуелді төрт беталыс конвергенцияны, яғни әлеуметтік өзара әрекет ету, мобильділік, бұлтта құжат сақтау жүйесі және ақпарды түсіндіретін "есептеудің үшінші платформасы". Бұл елде IT-ға жіберілетін шығындарды азайтатын мемлекеттік органдардағы сервистік модель арқылы іске асады. Ал Қазақстандағы мемлекеттік органдар – бұл дәстүрлі ірі ойыншы және IT-тапсырыс беруші.

IDC компаниясының бағалауы бойынша, дағдарыстан кейінгі мемлекеттік органдардағы IT бағдарламаға жіберіліп жатқан шығындар сервистік модельге еш әсер етпестен 8%-дан 50%-ға дейін қысқарған.

"Егер теңгенің құсыздануына корреляция жасайтын болсақ, онда министрлік пен ведомстваларда қалған IT-жобалар саусақпен санарлық. Бұрынғы жылдардағы құнсыздануға қарағанда бұл жолы нарық әлсіреп, көптеген тендер мен жоба іске аспай қалды, ал мұндай тәуекелді не жеткізуші, не тапсырыс беруші көтере алмады. Баға шеңберіне түсу үшін IT-жабдықты қарапайым конфигурацияларға айырбастаған бірқатар жағдайлар болды", – деп Орта Азия және Әзербайжандағы IDC сараптамалық компания өкілдігінің басшысы Андрей Беклемишев түсініктеме берді.

Оның айтуынша, бұл бір жағынан құнсыздану салдарын аз да болса орнын толтырды, ал басқаша айтар болсақ, бұл – бюджеттік жабдық конфигурациясына негізделген бірқатар толық жобаның пайда болуы.

Сандар не дейді

Еске сала кетсек, 2015 жылы Қазақстандағы серверлер нарығы 31%-ға түсіп, құндық мәні 42,4% болғантын. Бұл құрылымда жоғары өндірістік серверлер көлемі мүлдем 70%-ға, ал орта деңгей сервері 42,4%-ға төмендеген еді. Ал Х86-серверлері –30%-ға түскен. 2016 жылдың екінші тоқсан қорытындысы бойынша Х86-серверлер нарығында кейінге қалдырылған сұраныс іске қосылып, аздап өсу болғаны тіркелді.

 Сонымен бірге екінші тоқсанда нарыққа қойылған серверлік шешімдердің құны одан әрі 19%-ға дейін түсті. Осылайша, нарықтың өсуі мен шешімдер құнының түсуін қосып қарайтын болсақ, онда көрсеткіштің өспегенін көреміз. Былтырғы жылдың үшінші тоқсан қорытындысы бойынша жеке компьютерлер нарығы (ЖК) юнит, яғни тиелген өлшем бойынша өсіп, 15%-ды құраған. 2016 жылғы ЖК бойынша көрсеткіш алғашқы тоқсанда 3%-ға, екінші тоқсанда 13,5%-ға төмендеген.

2015 жылдың қорытындысы бойынша принтерлер нарығы құндық мәнде 43%-ды жоғалтты. 2016 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша тиелген бірліктің түсуі 11%, ал құндық мәнде 22% болды. Құндық мәні 40%-ға түскен А4 толық түсті лазерлік басуға арналған жабдықтар көп қиындыққа тап болған.

Ал смартфон нарығы бұларға қарағанда жақсы өскен. Тиелген бірліктер саны бойынша ол өскен, ал орташа баға бойынша түскен. IDC пікірі бойынша, осыған қарап тұтынушылардың ықыласы арзан шешімдер тарапына, мысалы, қытайлық брендерге түскенін көруге болады. Бұл тренд 2 жыл қатарынан байқалып отыр.

Сондай-ақ жалпы нарық жайында айтсақ. 2014 жылы IT-нарық 8%-ға, 2015 жылы 30%-ға түскен. IDC болжамы бойынша 2016 жылы ол тағы да 7,7%-ға түседі. Егер бұл мәліметтерді IT-нарықтың соңғы өсу жылы болған 2015 жылмен салыстыратын болсақ, онда ол тура 41%-ға түскен.

Нарық құрылымы

IT-нарық құрылымымен толық танысу үшін 2014 жылға көз жүгіртейік. Ол уақыттан бері нарық көлемі өзгергенмен, оның құрылымы бұрынғыша қалған.

IDC бағалауына сүйенсек, 2014 жылдың қорытындысы бойынша елдің IT-нарығы ақшаға шаққанда шамамен 2 млрд доллар болған. Аппараттық қамтамасыз ету 78,7%-ды, 1,8 млрд долларға жуық болған. Бұл оның ең көп бөлігі. Бағдарламалық қамтамасыз ету нарығы (БҚ) 9,6%-ды құрады, бұл шамамен 198 млн доллар. Оны 3 ойыншы – Microsoft, SAP және Oracle бақылайды. Бұл БҚ нарығының 50%-дан астамы. Бұл топта үстем жағдай шамамен 55% көрсеткіш көрсетіп отырған Microsoft-та. SAP үлесі шамамен 30,5%-ды құрады, ал Oracle 14,5%-ға жықты құрады. IT- қызмет көрсету нарығына 11,7%-ы тиесілі. Ақшаға шақсақ, бұл шамамен 236 млн доллар. Нарықтағы жағдайдың жобасы ("Қазақстандағы IT-нарық құрылымы") кестесінде көрсетілген. Басқа кестеде нарықтың 2013 -2016 жылдардағы өсуі ( "Қазақстанның IT-нарығының млрд доллардағы өсуі") көрсетілген.

Келешектен күтетініміз...

IDC бағалауы бойынша, елдің IT-нарығы 2017 жылы 10%-ға өсуі мүмкін. Бұл құлдырап тұрған саланы реттеуге жақсы көмек және олар Gartner келтірген мәліметтермен арақатынасы жақсы. Сараптамалық компаниялар атап көрсеткендей, 2017 жылы IT-дың саудасының әлемдік көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға өсіп, 3,5 трлн долларды құрады.

Бұл жағдайға қарапайым ой қорытындылары да себеп, мысалы, кейінге қалдырылған сұраныс. Компаниялар ескірген жабдықтарды қолданудан шаршаған. Экономикада тұрақты өсудің алғашқы белгілері біліне бастағанда, сала қалыпқа келе бастайды деп күтілуде. Екіншісі – сервистік модель. Мемлекеттің IT-қызмет көрсетуді сатып алатын компаниялар қатары туындайды деген сөз. Бұл толыққан инфрақұрылымды құруды талап етеді. Ал соңғысы тұтынушы нарығы.

Елдегі IT-нарықтың 2017 жылғы өсуін қалыптасқан факт түрінде айтатын болсақ, онда келешек орташа мерзімде мұның барлығы оңай шаруа болмайтынын ескерген жөн.

Александр Галиев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу