Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі Рәтбек қажы өмірден өтті

391

Қаралы хабарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі растады.

Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі Рәтбек қажы өмірден өтті Фото: ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұңғыш Бас мүфтиі, құрметті мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлы дүние салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылы 14 қарашада дүниеге келген. Көрнекті діни қайраткер. Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш бас мүфтиі. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, белгілі ғалым.

Бұхарадағы "Мир-Араб" медресесін және Бұхар педагогикалық институтын бітірген. Ливия университетінде діни білім алған.

Ашық дереккөздерде ол бас мүфти болған кезде еліміздегі мешіттер саны 1,5 мыңға дейін көбейгені айтылады. Алматыда Бас мешіт салынды. Оның бастамасымен Ислам университеті, Жамбыл облысының Меркі ауылында медресе ашылды, "Ислам әлемі" және "Шапағат-Нұр" діни журналдар шыға бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу