Келесі жылы ауылдарды дамытуға 7 трлн теңге бөлінеді

ҚР Парламенті Сенатаның төрағасы Мәулен Әшімбаев Atameken Business телеарнасына сұхбат беріп, биылғы жылды қорытындылады.

Келесі жылы ауылдарды дамытуға 7 трлн теңге бөлінеді Фото: naqty.kz

Биыл Сенат жұмысы нәтижелі болды

"Парламенттің жұмысы тек қана заң шығарумен шектелмейді. Парламент - ең жоғарғы өкілді орган. Енді осы функцияларды жүзеге асыру үшін Сенатта биыл 170-ке жуық әртүрлі іс-шарлар ұйымдастырылды. Парламенттік тыңдаулар, Үкімет сағаттары, конференциялар, дөңгелек үстелдер, комитеттердің кеңейтілген отырыстар кең көлемде өткізілді. Біз осы маңызды іс-шаралар аясында реформалардың нақты уақыттарын талқыладық. Үкіметтің алдына маңызды сұрақтарды қойдық. Шешілмей жатқан түйіткілдерді шешуге үлес қосуға кірістік. Сондай-ақ депутатарымыз Үкіметке 180-ге жуық сауал жолдады. Әр салада көптеген мәселелер көтеріледі. Мысалы, су мәселесі. Халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғауға байланысты көптеген сауалдар жолданды. Биыл Сенаттың жұмысы Президенттің реформаларын жүзеге асыру тұрғысынан экономикамызды дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатты тиімді жүзеге асыру тұрғысынан өте нәтижелі болды деп айта аламын", - дейді Сенат төрағасы.

Биыл өте маңызды заңдар қабылданды

2023 жылы Сенатта өте ауқымды жұмыстар жүзеге асты. Оның ең бастысы - 90-нан астам заң қабылданды.

"2022 жылы 80-ге жуық заң қабылданған. Сонымен қатар саяси салаға, реформаларға қатысты көптеген, оның ішінде конститциялық заңдар қабылданған. Оның негізінде саяси жүйеміз жаңғырып жатыр. Биылғы заңдардың ерекшелігі - экономикамызды дамытуға, кәсіпкерлікті дөңгелетуге, халықтың әл-ауқатын араттыруға бағытталған маңызды заңдар", – деп атап өтті сұхбат барысында Мәулен Сағатханұлы.

Маңызды заңдардың бірі – Әлеуеметтік кодекс. Сенат төрағасының айтуынша, бұған дейін әлеуметтік саладағы саясат көптеген заңдармен реттелетін.

"Солардың бәрін дұрыстап, маңызды заңды қабылдадық. Әлеуметтік кодекс халыққа мемлекеттік қызметтерге, мемлекеттің әлеуметтік көмегіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді", – дейді Сенат төрағасы.

1 трлн теңгеге жуық активтер, қаражат елге қайтарылды

Биылғы жылы қабылданған әрі қоғам қызу талқылаған заңдардың бірі – заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заң. Қазіргі таңда аталған заң аясында ауқымды жұмыстар басталып жатыр.

"Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының саясатындағы ең негізгі басымдылықтардың бірі - сыбайлас жемқорлықпен күрес. Президентіміздің сайлауалды бағдарламасында да бұл мәселелер көтерілген болатын. Осы бағытта жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Бәріміз Әділетті Қазақстанды құрудамыз. Әділетті Қазақстан дегеніміз ол - заңның үстемідігі. Заңды барлық азаматтар жағдайына, туыстығына, қарым-қатынасына қарамай заңға бағынуға міндетті. Осы тұрғыдан келгенде заңның үстемдігін қамтамасыз ету аясында сыбайлас жемқорлықпен күрес өте маңызды бағыттардың бірі екені анық.

Бұл бағытта көптеген жұмыстар жасалды. Оның бірі - осы заң елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресті жаңа деңгейге шығарды деуге болады. Осы заң аясында арнайы комиссия құрылды. Оны Премьер-министр басқарады. Оған Парламенттің депутаттары да кірді. Комиссия енді заңсыз алынған активтерді қайтаруды қарастырып жатыр. Сондай-ақ Бас прокуратураның ішінен заңсыз алынған актвитерді қайтаруға арналған арнайы комитет те құрылды.

Сондай-ақ заңсыз алынған активтерді басқару керек, тиімді жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету керек. Сол үшін арнайы басқару компаниясы да заң аясында құрылды. Сол себепті заңнан туындайтын негізгі іс-шаралар қазір жүзеге асырылып жатыр. Соның нәтижесінде елімізге 1 трлн теңгеге жуық активтер, қаражаттар қайтарылды. Бұл үлкен қаражат. Еліміздегі инфрақұрылымды дамытуға, әлеуметітк нысандар салуға жұмсалуда. Бұл жұмыстар келесі жылы да жалғасады. Басқа да заңсыз алынған актитер қайтарылатынына күмән жоқ. Қайтарлыған барлық қаражат халықтың игілігіне жұмсалуда. Қажет болса біз бұл бағытта заңдарды әлі де жетілдіреміз.

Президентіміздің реформалары аясында сыйбайлас жемқорлықпен күресті жалғастыратын боламыз. Кезінде заңсыз жолмен алынған, шетелге шығарылған қаражат бар. Соның бәрін заңды жолмен қайтарып, халықтың игілігіне жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Сот жүйесін де дамытуымыз керек. Бұл бағытта реформалар жалғасып жатыр. Келесі жылы сот жүйесіне қатысты заңдарды қабылдаймыз деп ойлаймын", – деп есептейді жоғарғы палата төрағасы.

Биыл қабылданған заңдар халықтың әл-ауқатын арттырып, бизнесті дамытуға ықпал етеді

"Биылғы заңдар бизнесті дамытуға ықпал ететіне еш күмән жоқ. Мысалы өңдеуші өнеркәсіп мәселесін Сенатта ылғи көтеріп отырамыз. Келесі жылы Парламенттік тыңдау өткіземіз деген ойымыз бар. Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту үшін 3-4 мәселені шешуміз керек. Бірінші, өңдеуші кәсіпорындарды шикізатпен қамтамсыз ету керек. Оған дейін бұл мәселеде үлкен түйіткілдер болғаны жасырын емес. Екінші, осындай кәсіпорындарды ұзақ мезірімді, қолжетімді несиелермен қамтамасыз ету керек. Үшінші, олардың өнімдерін сату. Төртінші, салықтық жеңілдіктер қалыптастыру. Мұндай кәсіпорындар аяққа тұрып кеткенше осындай жеңілдіктер болуы керек. Президентіміздің Жолдауында бұл бағытта көптеген мәселелер көтеріліп, нақты тапсырмалар берілді. Соларды жүзеге асыру үшін бұл бағытта көптеген жұмыстар жасалып жатыр", – деп атап өтті Мәулен Сағатханұлы.

Ауылдарды дамытуға баса көңіл бөлінуде

Мәулен Әшімбаевтың айутынша, өңірлерді, ауылдарды дамытуға баса көңіл бөлінуде.

"Ауылдар дамымай жатыр, қаржы бөлінбей жатыр деп айтқан артықтау болатын шығар. Ауылды жерлерді дамыту үшін келесі жылы 7 трлн теңге беріп жатырмыз. Оның ішінде инфрақұрылымды, ауылшаруашылығын дамытуға бағытталып отыр. Бұл қыруар қаржы. Әкімдер осы қаражатты дұрыстап игеріп жатса, біраз мәселені шешуге мүмкіндік береді. "Ауыл ел бесігі", деген бағдарлама бар. Оның аясында биыл 200 млрд қаржы бөлінді. Келесі жылы да осы шамада қаржы бөлінбек. "Ауыл аманаты" деген бағдарлама бар. Ол ауылда тұрған ағайынға микрокредиттерді беруге арналған. Кәсіпкерлікпен айналысу, үй жанындағы қосалқы шаруашылықты дамыту үшін, шағын кәсіп ашамын десе микрокредит беріледі. 100 млрд деген көп қаржы емес шығар, бірақ республикалық бюджетттің мүмкіндігі жетсе көбейтіледі. Ауылдағы жағдайды дұрыстамай мемлекетімізді дамыту мүмкін емес екені түсінікті. Адамдардың әл-ауқатын, табыс деңгейін арттыруымыз керек. Ауылда агроөндірісті қолға алып, нфрақұрылымды дамытуымыз керек. Осы мәселелерді шешсек, аймақтағы біраз түйткілді мәселелер оң шешімін табар еді. Қазір Сенат өткізіп жатқан көптеген шара - өңірлерді дамытуға байланысты. Заңдарды қараған кезде де өңірлерден сайланған депутаттар аймақтың ерекшелігін ескере отырып, ұсыныс жасайды. Өңірлердің негізгі мәселесін шешуге басымдылық беріп отырмыз", – деген Сенат төрағасы Қазақстанның саясатының негізгі басымдылығы халықтың әл-ауқатын арттыру екенін айтты. 

Қазіргі таңда елімізде адами капиталға салынған инвестиция көлемі ауқымды. 

Келесі жылдың шығыстары 24 трлн теңге. Соның 40 пайызы 10 трлн теңге әлеуметтік салаға бағытталды. 

"Мұны азаяды деп айтуға болмайды. Бұл адами капиталға салынған инвестиция.  Әлеуметтік салаға, азаматтардың денсаулығын сақтау, білім беруге бағытталған қаражаттар. Қазақстандағы адами капиталды дамытуға бағытталуда. Осы қаражаттарды пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз етуіміз керек. Әрине, оның нәтиже жету жағына да баса көңіл бөлуіміз керек", – деп қорытындылады Мәулен Әшімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу