ҚФФ президенті қазақ тілін үйренуге қанша уақыт керегін айтты

Ол бір жыл аралығында мемлекеттік тілде сұхбат беруге уәде еткен.  

ҚФФ президенті қазақ тілін үйренуге қанша уақыт керегін айтты Фото: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров осы кездің өзінде қазақша үйреніп жүргенін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Әрине, аздап уақыт керек. Бірақ өзіме сенімдімін. Бір жылдың аралығында қазақ тілінде еркін сөйлей аламын. Тілді меңгеруде қоғамның қолдауы қажет. Жақында сұқбаттарды қазақ тілінде беретін боламын, – деді ол.

Еске салайық, Марат Омаров 2024 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды. 

Бірнеше күн бұрын Марат Омаров Sports24.kz порталына эксклюзивті сұхбат берді. 

– ...Келісілген матчтарға келсек, "Спорт Радар" деген ұйым бар. Сол ұйымның статистикасы бойынша Қазақстан әлем бойынша келісілген ойындар саны жағынан 4-орында тұр. Бұл өте өкінішті жағдай. КФФ бұл мәселемен белсенді түрде күресіп жатыр. Қазіргі уақытта, федерация бұл мәселені шешуге шындап кіріскен, – деген болатын ҚФФ президенті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу