Киіктер саны 10%-ға емес, 15-20%-ға қысқарады

698

Бір ғана Орал аумағында 226 мың ақбөкен ұсталмақ (1 млн 130 мың бастың 20%-ы), мұның өзі бұрын айтылып жүрген 200 мың бастан артық. 

Киіктер саны 10%-ға емес, 15-20%-ға қысқарады Фото: Depositphotos.com

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі 19 қыркүйек күні Ауыл шаруашылығы министрінің саны реттелуге тиіс жануарлар тізіміне киікті енгізді. Бұйрық 2023 жылғы 6 қазаннан бастап өз күшіне енеді, деп жазады inbusiness.kz. 

Көктемгі әуе есебінің нәтижелері бойынша Қазақстандағы ақбөкендердің жалпы саны 2 миллионға жетті, ал кеңестік заманда олардың саны 1 млн 200 мыңнан аспайтын. Қазір бір ғана Орал популяциясында 1 млн 130 мың бас бар. Жыл соңында ақбөкендердің төлдеу уақытын ескерсе, олардың саны шамамен 2,6 млн жетіп қалуы ықтимал.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлауынша, киіктер соңғы үш жылда егіндіктерді құртып, ауыл шаруашылығы субьектілерін шығынға батырған.

Мәселен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша 121,9 мың гектарға жуық егіс, 247,7 мың гектар шабындық және 882,6 мың гектар жайылымдық жерлер (Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, БҚО) зардап шекті, келтірілген залал құны 12 млрд теңгеден асты.

Сол себепті ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі 19 қыркүйек күні Ауыл шаруашылығы министрінің саны реттелуге тиіс жануарлар тізіміне өзгерістер енгізіп, киіктердің санын реттеуді жүргізбек: Орал ақбөкендерінің саны 20%-ға, Бетпақдала киіктер саны 15%-ға қысқартылады, деп жауап берді Комитет баспасөз қызметі inbusiness.kz тілшісі сұрағына. 

Биологиялық негіздеме шеңберінде жануар санын реттеуді "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК мамандандырылған ұйымының күштері жүзеге асыратын болады.

Бұған дейін барлығы 200 мыңға жуық бас ақбөкен ұсталатынын хабарланған болатын, яғни Батыс Қазақстанда тұратын мал басының жалпы санының шамамен 10%. Алайда Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жоғарыда ұсынған ақпаратқа сәйкес, бір ғана Орал аумағында 226 мың бас ұсталмақ (1 млн 130 мың бастың 20%-ы), Бетпақдала бойынша нақты ақпарат берілмеді. Сонда өлтірілетін киіктер саны министрлік айтып отырған 200 мыңнан әлдеқайда артық болмақ. 

Ұсталған жануар еті Батыс Қазақстан облысының 3 зауытында өнделеді.

Кәсіпорындар ақбөкен етін мүшелеп, өңдеуге және сақтауға дайын. Далада, мал табындары шоғырланған жерлерде арнайы бригадалар жұмыс істейтін болады.

Экология министрлігі комитеті төрағасының орынбасары ғылыми деректерге сілтеме жасай отырып, киіктің 10 пайызын ұстау полпуляцияға ешқандай әсер етпейтінін, 20 пайызы — санын азайтады, 30 пайызы — оның өсуін тоқтатады деп мәлімдегенін еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу