Кирилл Проходов жасөспірімдер арасындағы әлем Кубогының жеңімпазы атанды

226

Ташкент қаласында өткен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем Кубогында Қазақстан құрамасының өкілі Кирилл Проходов алтын медаль жеңіп алды.

Кирилл Проходов жасөспірімдер арасындағы әлем Кубогының жеңімпазы атанды Фото: olympic.kz

Ерлер арасындағы сапы бағдарламасы бойынша жекелей сайыста өнер көрсеткен қазақстандық спортшы жартылай финалда Өзбекстан өкілі Камронбек Исмоиловты 15:6 есебімен жеңді. Ал финалдық кездесуде Қытайдың Тайпейі командасының спортшысы Чэнь Бин-цзюньді 15:7 нәтижесімен сенімді түрде ұтып, турнирдің жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, биыл жазда 18 жастағы Кирилл Проходов Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Грузияда өткен әлем чемпионатына қатысып, командалық жарыста Франция құрамасын жеңу арқылы қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл тарихи жетістікке Руслан Курбанов, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Алимжанов ел намысын қорғап, үлес қосты.

Сондай-ақ, Кирилл Қазақстан құрамасымен бірге 4-6 желтоқсан аралығында Ванкуверде өткен Әлем кубогына қатысып, 26-нәтиже көрсетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу