Қорғаныс министрлігі сарбаздардың тамақтануына қатысты видеоға түсінік берді

91

Желіде Солтүстік Қазақстан облысындағы әскери жиын кезінде сарбаздарға "суып қалған түскі ас берілгені" туралы видео тарады. 

Қорғаныс министрлігі сарбаздардың тамақтануына қатысты видеоға түсінік берді Фото: Бейнежазбадан/ЖИ

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі осы жағдайға байланысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Видеодағы азаматтардың айтуынша, жазба әзіл ретінде түсірілген. Олар тамақтану жағдайына қатысты ешқандай шағымдары жоқ екенін де атап өткен.

Ресми хабарламаға сәйкес, бейнежазба Солтүстік Қазақстан облысында әскери міндеттілердің әскери жиынын өткізу кезеңінде түсірілген.

"Әскери жиындар барысында әскери міндеттілерді тамақтандыруды ұйымдастыруды Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі тамақтандыру қызметтерін көрсететін ұйымды тарта отырып жүзеге асырды.

22 қыркүйекте оқу-жаттығудың белсенді кезеңі аяқталғаннан кейін жеке құрам тамақтануға келді. Жеке құрамның негізгі бөлігі белгіленген уақытта тамақтанды. Бұл ретте 1-взводтың әскери міндеттілері тамақтануға кешірек келген, соның салдарынан ұсынылған тағамдардың температурасы төмендеген", – деп хабарлады министрлік.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл жағдай анықталғаннан кейін жауапты лауазымды тұлға тағамдарды қайта жылыту туралы нұсқау берді. Осыдан кейін әскери міндеттілерге ыстық тамақпен қамтамасыз етілу мүмкіндігі ұсынылған, деп атап өтті ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу