Көрші ел педофилдерге өте қатаң жаза енгізуді қарастырып жатыр

Бұдан былай Өзбекстанда педофилдер өмір бойына сотталуы мүмкін. 

Көрші ел педофилдерге өте қатаң жаза енгізуді қарастырып жатыр Фото: canva

Мұндай тосын ұсыныс президент Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кеңес барысында Шавкат Мирзиёевке әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату шаралары ұсынылған. Атап айтқанда, көршілес ел басшысы педофилия қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізу бастамасына қолдау білдірді.

Еске салайық, былтыр қазанда Өзбекстан Заң шығару палатасының депутаты Дилноза Азизова балаларға қатысты жасалған жыныстық зорлық-зомбылық үшін кінәлілерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынған-ды. 

Былтыр Қазақстанда да педофилия мен ЛГБТ насихатына тыйым салынды.

Ал оның алдында inbusiness.kz тілшісі "Бұдан былай педофилдер бостандыққа шықса да жазаланады" деген тақырыпта материал жазды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу