Криштиану Роналду 4-рет "Алтын доп" иегері атанды

5121

2016 жылдың қорытындысы бойынша Португалия құрамасының және мадридтік Реал клубының шабуылшысы Криштиану Роналду ең үздік деп танылып, осымен 4-рет "Алтын допты" жеңіп алды.

Криштиану Роналду 4-рет "Алтын доп" иегері атанды Фото: sports.kz

Бұған дейін ол 2008, 2013, 2014 жылдары ие болған еді. Оның бәсекелесі Лионель Месси 5 рет жеңіп алған болатын (2009, 2010, 2011, 2012, 2015). Әзірге сан жағынан есептегенде Криштиану Мессиден қалып келеді. Былтыр да Месси алған болатын осы допты.

Сондай-ақ, "Алтын допқа" кезінде 3 рет ие болған екі ойыншы бар, олар голландиялық – жұлдыздар Йохан Кройф (1971, 1973, 1974) пен Марко ван Бастен (1988, 1989, 1992), ал әйгілі француз Мишель Платини бұл допты 1983 және 1985 жылдары жеңіп алған болатын.

Франс футбол журналы биыл бұл бәсекені бұрынғыдай ФИФА мен қосылып өткізбей, қайта жеке бөлініп шықты. Естеріңізге салар болсақ, "Алтын допты" осы аталған басылым 1956 жылдан бері табыстап келеді. Ал 2010-2015 жылдар аралығында ФИФА-мен бірігіп өткізіп келген еді. Алайда, 2016 жылдың 16 қыркүйегінде екеуара келісім тоқтатылды. Сөйтіп, ФИФА өзінің "Жылдың үздік ойыншы" номинациясын бөлек табыс ететін болып шешті.

Франс футбол тез арада бұл салтанатты марапатты қаңтардан желтоқсан айына ауыстырып жіберді. Сондықтан, болар бұл рәсімді телеарналар көрсеткен жоқ десе де болады, оның ішінде қазақстандық арналар да бар.

Оның үстіне түндегі марапаттау рәсімінде Роналдудың өзі болған да жоқ. Ол қазір Мадридтің Реалымен бірге Жапонияда клубтық әлем чемпионатында жүр. Роналдуды жергілікті жапон халқы ерекше құрметпен күтіп алды.

Криштиану басқа жұлдыздар сияқты емес, барлық жанкүйерге қолын созып, кейбіреулерге қолтаңбасын қалдырып жатты. 15 желтоқсанда Реал жартылай финалда Мексиканың "Америка" клубымен сынға түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу