Күн батареялы көшпелі үйшіктер Ақтөбеде жасалады

14848

Ақтөбелік "Bazis Group KZ"  ЖШС компаниясы күн батареясымен жабдықталған үйшіктерді жасаумен айналысып қана қоймай,  бизнесін франшиза түрінде де ұсынуға әзір.   

 Күн батареялы көшпелі үйшіктер Ақтөбеде жасалады

Әсіресе мұнайшылар мен фермерлерге арналған тұрғын-жайлар дизельдік электр  генераторларының жанармайды үнемдеуіне мүмкіндік береді. Компания өткен жылы 1,5 млрд. теңге табыс тапса, оның 200 млн. теңгесі "жасыл технологияға" тиесілі болған.
 Бірінші жобасы лего-конструкция аталатын 2014 жылы 80 адамға лайықталған "Каражанбас-Северный" мұнайшылар қалашығын салудан басталған.Құрылыстың аяқталу уақыты бір жарым жылға есептелінгенімен, "Bazis Group KZ"  компаниясы небәрі үш айда салып бітірген. Жаңаөзен қаласындағы пайдалануға беру мерзімі бір жылға жоспарланған химиялық  лаборатория үшін бір ай қажет болған. 
 "Бірде маған күн батареясынан қуат алатын жылжымалы жай жасауға болмас па екен деген ой келді. Әлі күнге Қазақстанда баламасы жоғы белгілі. Біздер жыл бойы бұрғылау жұмыстарын атқарамыз. Қыстынгүні вагон-үйшіктерді жылыту үлкен мәселе. Электр жылытқыш батареяларға керек қуатты жапан далада қайдан аламыз? Дизельді электр генераторын қолдану қымбатырақ. Бір күнге 10 литр жанармай шығындалады. Былтырғы жылы 1,5 киловатт күн батареясын вагон-үйшіктерге орнаттық. Қазіргі күні электр тогы тегін. Жылу қазандығы жартылай электрді пайдаланатындықтан тәулігіне 400 грамм ғана солярка жұмсалады. Бұл өнертабысымызға патент алмақшымыз"-дейді компания директоры Естай Сисенбаев.  
Төрт кісіге шақталған аумағы 15 шаршы метрлік үйшіктің құны 1,5 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін бағаланады. Асханадан бөлек жуынатын бөлме де қарастырылған. Ауа-райы бұлтты күндері батареялар электр қуатын өндіруі 20 пайызға ғана азайтады.
Бүгінгі күні "Bazis Group KZ" ЖШС  тек  еліміздің батыстағы төрт өңіріне белгілі. Жер шалғайлығы бағаның қымбаттауына себеп болары анық. Дегенмен, компания мәселені шешудің бірден-бір амалы франшиза, яғни, өзге кәсіпкерлерге де бұл өнімді өндіру құқығын сатуды көздеуде.
Компания қазірде отандық "Astana solar" кәсіпорнының күн панельдерін пайдаланады.  Бұл дәл осындай шетелдік  өнімдерден 20 пайызға арзанырақ. Қуаты 1,5, 5 кватт болатын панельдер 1,5, 5 миллион теңге тұрады. Және де қызметі үшін 15 жылға кепілдік беріледі.

 Компания 2009 жылы кәсібін бастады. Келер жылы кәсіпкер Естай Сисенбаев  экономика  министрлігінің "Тұран-профи" бағдарламасы бойынша Германия мемлекетінде болып қайтты.
"Бір ай қазақстандық бизнес иелері неміс еліндегі  Целль қаласында оқу курсынан өтті. Аптаның бес күнінде семинарлар ұйымдастырылып, демалыс күндері көрмелерді аралауға арналатын. Бірде мен күн мен жел электростанцияларын сатумен айналысатын компанияны кездестірдім.  Мен Германияға электродиффузиялы дәнекерлеу аппараты жобасымен танысу үшін барғанмын. Кенеттен  мені "жасыл экономика" қызықтырды. Сол уақыттан бері біздің компаниямыз  осы салада қызмет етуде",- дейді кәсіпкер Естай Сисенбаев.

Семен Данилов, Актобе

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу