Құттықадам Сейдахмет: Көпұлттылық идеологиясы – советтік клише

3061

Орталық коммуникациялар қызметінде "Ұлттық ынтымақ пен ықпалдастық аясындағы Абай тағлымы" дөңгелек үстел өтіп жатыр. 

Құттықадам Сейдахмет: Көпұлттылық идеологиясы – советтік клише

Шарада сөз алған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Құттықадам Сейдахмет " Қазақстан – көпұлтты мемлекет" деген идеологиядан бас тартуды ұсынды.

"Егемендікті алған кезде билік өз қолымызға тиді, шапанымызды өзіміз пішіп, өзіміз тігіп киеміз деп ойлаған едік. Өкінішке қарай, өзіміз білмей жатырмыз. Менің ойымша, 30 жылдан астам уақыт көп нәрсеге мән бермедік. Я болмаса, сыртынан кешіріммен қарап, жеңіл жолдарын іздедік. Сол себептен бір нәрсе пайда болып қалса, "Ойбай,  тынышталыңдар, еш нәрсе болған жоқ!  Бәрі жақсы" деп келдік.  Ал оны терең қарап, астарында не бар екенін, неден шықққанын көпке дейін көтерген жоқпыз. Үлкен қателіктердің бірі –  біз елдің байлығын дұрыс пайдаланған жоқпыз. Халықтың дана сөзі бар "Балық басынан шіриді"", – деді қоғам қайраткері.

Ұлттық кеңес мүшесі ұлтаралық кикілжіңдердің астарында әлеуметтік теңсіздік бар екенін, оны қалыпқа келтіру үшін қазақтардың тұрмыс деңгейін көтеру керек деген ой айтты.

"Бүгін болып жатқан мәселеге қатысты айтпасқа болмайды. Ашығын айтайын, көптен бері советтің клишесін пайдаландық. Қазақстанның көпұлтты халқы! Әй, айналайын!  Совет одағы кім, біз кімбіз? Ол кезде 300 млн халық болды. 300-ден астам халық тұрды одақта. Қаншама автономиялар болды! Қазақстанда не бар? Егемендік алғанда 16 млн едік, қазір 18 миллионға жеттік.  Қазақтың саны 70%-ға жетті. Қандай көпұлттылық туралы айтып жүрміз? Сол сөзді қою керек.  Көпұлттылық дегенді қою керек.  Бұлай болмайды. Қазақтың орны бөлек бұл елде. Қазақ осы елдің иесі. Қазақстанда ең нашар тұратын халық – қазақтар. Жатақханаға барсаң, 99%-ы қазақтар. Көпбалалы аналар кім? Қазақтар. Менің ойымша, саясатты осы тұрғыда өзгертуіміз керек.  Қазақтың орны, тілі, мәдениеті  бөлек болуы керек. Сол кезде ғана тұрақтылық болады", – деді Құттықадам Сейдахмет.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу