Қытай Газа секторына көмекке 100 миллион доллар бөледі

202

Бұл туралы күні кеше белгілі болды. 

Қытай Газа секторына көмекке 100 миллион доллар бөледі Фото: РИА Новости

Қытай Газа секторындағы гуманитарлық дағдарысты еңсеруге және аймақты қалпына келтіруге 100 миллион доллар бөледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Report агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесуден кейін болған баспасөз мәслихатында айтты. Си Цзиньпиннің сөзінше, Қытай мен Франция аэроғарыш, атом энергетикасы салаларында және жасыл өнеркәсіп пен жасанды интеллект сияқты жаңа бағыттарда ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.

Франция басшысы Қытайдың Украинада соғысты тоқтату мәселесінде Ресейге ықпал жасауын қалайтынын жеткізді. Макрон дүние жүзінде халықаралық тәртіптің ыдырау қаупі туындағанын айтты. Осыған байланысты Париж бен Бейжің арасындағы диалогтың маңыздылығы артып отыр деді.

"Біз Қытайдың уақытша атысты тоқтату бойынша, әсіресе өмірлік маңызы бар инфрақұрылымдарға жасалатын шабуылдарға мораторий жариялауға бағытталған күш-жігерімізге қосылады деп үміттенеміз", – деді Макрон.

Си Цзиньпин бұл мәлімдемеге ашып жауап айтпады. Ол Қытайдың бейбітшілікке бағытталған кез келген күш-жігерді қолдайтынын әрі барлық тарап қабылдайтын келісімге келуге шақыратынын атап өтті.

Айта кету керек, бұған дейін Трамп Газа секторына қатысты күтпеген мәлімдеме жасағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу