Қытай "Ниваға" қызықты

Артур Мискарян Артур Мискарян
4646

"Азия Авто" зауыты алғашқы тоқсанның қорытындысы бойынша 1916 авто көлік сатқан.

Қытай "Ниваға" қызықты

Жыл басынан бері Өскемен автозауыты жалпы сомасы 9 694 336 мың теңге болатын 2623 автокөлік шығарды, деп мәлімдеді "Азия Авто" баспасөз қызметі. Осылайша кәсіпорын 2017 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан аумағында шығарылған автокөліктер үлесінің 77%-ын құраған. 

Жалпы алғанда, есептік кезеңде Қазақстанда 3095 автокөлік шығарылған. Былтырғы жылдың алғашқы тоқсанымен салыстыратын болсақ, ол кезде 428 автокөлік шығарылған. "Азия Авто" зауытында соңғы үш айда шығарылған автокөліктердің негізгі бөлігі Lada Vesta, Lada XRay, Lada Largus, KIA Cerato FL және KIA Sportage New моделіне тиесілі. Бұл автокөлік маркасы 2016-2017 жылдан бастап шығарыла бастаған.

Кәсіпорынның өткізу көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда  79%-ға өсіп, 1916 автокөлікті құраған. Бұл қазақстандық автоөндірушілердің есептік кезеңдегі саудасының 74%-ын құрайды.

Зауыт өнімінің 72,4%-ын жеке сатып алушылар, 19,9%-ын корпоративтік клиент сатып алған. Автокөліктердің 7,7%-ы мемлекеттік мекемелер өткізген  тендер барысында сатылған. Ал 8,3%-ы жеңілдетілген авто несиелеу мемлекеттік бағдарламасы несиесі арқылы сатылған. "Азия Авто" зауытының ішкі нарықтағы үлесі бір жыл бұрынғы 10% көрсеткішпен салыстырғанда 22,7% болды.

"Қазақстанның автокөлік нарығында тұтынушылар белсенділігінің қайта қалыпқа келе бастағаны білінді. Алайда алғашқы тоқсандағы сауда динамикасы әзірге өсуге бет алған жоқ. Қазақстандықтар былтырғыға қарағанда биыл Өскемен зауытында жасалған автокөліктердің 79%-ын сатып алған. LADA және KIA-ның жаңа моделін шығарудың арқасында өндіру көлемін едәуір арттырып, салалық өндірістің77%-ын қамтамасыз еттік", – деді "Азия Авто" АҚ президенті Ерік Сағымбаев.

Кәсіпорын есептік кезеңде 204 автокөлікті Қытайға сатқан, бұл зауыт өнімін өткізуді жиынтықтағанда 7%-ын құрады. Аbctv.kz-ке "Азия Авто" баспасөз қызметі хабарлағандай, Қытайға сатылған автокөліктің бәрі – жол таңдамайтын Lada 4x4 болған.

Өндіріс көрсеткіші мен кәсіпорын өткізуінің өсуі қаржылық көрсеткішті қалыпқа келтірді. "Азия Авто" зауытының есептік кезеңдегі  табысы 8 176 941 мың теңге болып, өткен жылдың осындай кезеңіндегі 4 620 731 мың теңгеге қарсы болды. Кәсіпорынның жалпы табысы 52,8%-ға өсіп, 2 870 994 мың теңгеге дейін жетті.

Егер 2014-2015 жылдары теңгенің әлсіреуі мен бағамдық айырмашылық салдарынан 2016 жылдың 3 айының нәтижесі бойынша таза шығын 634 611 мың теңге болса, осы жылдың алғашқы тоқсанында кәсіпорынның таза пайдасы  2 495 387 мың теңге болған.

Артур Мискарян, Гүлназ Ермағанбетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу