Қытайды тұзбен қамтамасыз етеміз

13111

Өнімінің 70 пайызын Ресейге жөнелтетін павлодарлық тұз өндірушілер ендігі кезекте Қытай нарығына шығуды көздеуде.

Қытайды тұзбен қамтамасыз етеміз

"Келер тамыз айында мемлекеттік бағдарлама бойынша Қытайға сапармен жоспарлаудамыз. Бастысы, тұзға сұраныс бар, бағасы тұтынушыға тиімді болуы үшін логистика қажет.Онымен қоса тағы бір мәселе көршілес елдің темір жолының қос рельсінің арасы қашықтығы бізбен салыстырғанда жақынырақ",-дейді "Павлодарсоль" ЖШС-нің директоры Денис Семенов.

Өткен жылға дейін кәсіпорынның қаржылық жағдайы қиындаған еді. Былтырғы наурыз айында өзге қожайынның иелігіне өтіп, электрэнергиясы, су мен салыққа берешек 120 миллион теңге  қарызы төленді. "Барлық берешегі өтелді. Жұмыс тәртібін де өзгерттік. Көп өндіруге талпынып қоймаларда сақтамай, тез арада сатуды ойладық. Тұз ұзақ жатып қалса, бағасы қымбатырақ болады. Дегенмен, өткізу қиындайды",- дейді кәсіпорын басшысы.

Қазіргі күні техникалық тұз қоры 6 миллион тонна болатын Үлкен Қалқаман көлінен өндіріледі. Жылына  межені 150  мың тоннадан есептесек, 20 жылға жетеді. Былтыр 15  миллион теңге инвестиция салынып, сатылған 45 мың тонна тұз қарыздан құтқарып, жылды табысты қорытындылады.

 Бұған  Ресей рублі  құнсызданса да өз позицияларынан айнымауы себеп болды. "Көптеген кәсіпкерлерге рубль бағамы төмендегелі көршілес елдің нарқына кіру мүмкін болмай қалды. Біздер тіпті, пайда таппасақ та орнымызды сақтап қалуға тырыстық. Басты мақсатымыз да сол еді. Бүгінде нәтижесін көрудеміз",-дейді Денис Семенов.

Биылғы жылы 85 мың тонна тұз өндірмек, оның 60 мың тоннасын Ресейге экспорттау үшін арада шарт жасасып үлгерген. Қалған 20-25 мың тонна тұз ішкі нарыққа арналған. Жыл соңында табыс  мұнан да артуы мүмкін.

 Кәсіпорын басшысының айтуынша, Ресейге өнімін өткізуде, сол елдің алыпсатарларымен серіктескен қолайлы. Өзіміздің тікелей жеткізуіміз, бізге тиімсіз. Өйткені, мемлекеттік кәсіпорын болғандықтан арадағы төлем үшін 360 күнге дейін уақыт қажет. Арада делдалдар болғандықтан қаражат жылдам қолға тиеді. Сәл-пәл табыс кемігенімен өндіріс қарқыны бәсеңсімейді.

"Павлодарсоль" ЖШС Ресейдің Кемерово облысының жол құрылысымен айналысатын мекемесі мен Томск қаласының тапсырысын орындайды. Өнімін ел ішінде "Каустик" АҚ, "Қазақмыс",  "Шығыстүстіметал" ЖШС, ҚазАвтоЖол" мен "Қазмырыш" компаниясы пайдаланады.

Кәсіпорынның облыс пен республикадағы,әсіресе, ас тұзын өндіруде жалғыз бәсекелесі "Аралтұз" АҚ болып тұр. "Бұл компанияға жаңа заманға сай жаңалауға үлкен қаржы жұмсалғандықтан, бізге қарағанда өндірістік әлеуеті жоғары. Онымен қоса қоры да бізден көбірек. Қазақстан жылына 120-130 тонна тұз тұтынады. Ресеймен салыстырар болсақ, "Қазавтодордың"  техникалық тұзға сұранысы жылына 7,5-9 тонна ғана. Омбы облысына 10 тонна, Новосібірге 12-13  тонна, Свердловскінің жолшыларына 12 тонна керек. Ресейдің мұнай мен химия өнеркәсібі, мал шаруашылығы қажетті тұзды бізден тасымалдайды",- деген Денис Семенов алдағы жоспарларымен де бөлісті. Келесі тамызда Таволжан кенішін игеру басталмақшы. Кеніштен тұз өндіру 1922 жылдан бері жалғасып келе жатқандықтан, қазіргі күні 1 миллион 200 мың тонна қоры қалған. Әзірге көл табанындағы тұздың көтерілуін күтуде. Жылына бес сантиметрге қалыңдайды деп есептегенде, іске кірісу үшін елу сантиметрге жетуі тиіс. Келесі жылы темір жол төсеуге 30 миллион теңге қарастырылып,  ол жерден 50-60 тонна  тұз аршылып алынады.

Кәсіпорын конкурста қоры  6,5 миллион тонна болатын  Тұздысор көлінің меншікті иесі атанды. "Бұл кенішке 1,5 миллион доллар инвестиция қажет.Сондықтан "Жол картасы" бағдарламасына қатысуға өтініш бермекшіміз. Мұның алдындағы "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасымен  65 миллион теңге  несие алуға арыздандық. Қаржы қолға тигенше,  арада үш ай өтті. Бүгінде 30 миллион теңгені кәдемізге жараттық. Соңғы кездегі жұмысымыз қалған соманы қажет етпейтін дәрежеге жеткізді",- дейді Денис Семенов.

Алда Қытай нарқын бағындыру мақсаты тұр. Келешекте кірісті түрлі валюталар есебінен  көбейтпекші. Ел ішінде шарттар теңгемен жасалса, Ресей рублімен, Қытай болса доллармен саудаласпақшы.Тапқан табысты түрлі валюталарда сақтау бүгінгі уақыт талабы екендігін көрсетті.

Марина Попова, Павлодар

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу