Қызыл теңізде Израиль кемелерін көздеп жатқан йемендік хуситтер кімдер?

975

Бұл топ елінің айтарлық бөлігін басып алып қана қоймай, Таяу шығыстағы соғысқа килігіп, "Израиль агрессиясы тоқтағанша" шабуылдарды жалғастыруға сөз берді. 

Қызыл теңізде Израиль кемелерін көздеп жатқан йемендік хуситтер кімдер? Фото: m.123ru.net

Йемендік хуситтер Таяу Шығыс қарулы жанжалында рөлін арттырып, Қызыл теңіздің оңтүстігіндегі кемелерді нысанаға алып, өзі айтқандай, Израиль-Хамас соғысында палестиналықтарды қолдауды мақсат тұтып отыр.

АҚШ әскерилері жексенбі күні аталған теңіздің оңтүстігінде халықаралық суларда үш коммерциялық кемеге шабуыл жасалғанын хабарлады. Құрама Штаттардың Орталық қолбасшылығының мәліметінше, америкалық эсминец хуситтер бақылайтын аумақтан зымыран мен дрондар ұшырылғаннан кейін апаттық қоңырауларға жауап беріп, зардап шеккен су көліктерінің экипажына көмек көрсетті.

Иранмен одақтас хуситтер Израильдің екі кемесіне шабуыл жасағанын айтады. Израиль армиясы болса, ол кемелердің еврей мемлекетіне қатысы жоқ екенін мәлімдеп отыр.

Хуситтер туралы мәліметтердің қысқаша сипаты төмендегідей:

Тарихы

1990-шы жылдардың соңында Йеменнің қиын солтүстігінде хуситтер отбасы бір кездер осы елді билеп-төстеп, кейіннен кедейленген әрі қоғамнан шеттетілген шииттік исламның зайдиттер сектасын діни жаңғырту мақсатында қозғалыс құрды. 

Бірте-бірте билікпен арадағы қатынастары шиеленіскендіктен, сол хуситтер қозғалысы ұлттық армияға қарсы партизандық соғыс жүргізіп, тіпті шекарада сүнниттік Сауд Арабиясы державасының әскерімен де жанжалдасты. 

Йемендегі соғыс

Бұл соғыс 2014 жылдың соңында Йемен астанасы Сананы хуситтер басып алған кезде басталды. Сауд Арабиясы өз шекарасы бойында шииттік Иранықпалының күшеюіне алаңдап, 2015 жылы наурызда өзіне жақтас үкіметті қолдау үшін Йемендегі қарулы қақтығысқа батыстық коалициямен бірге килікті.

Осы соғыста хуситтер солтүстіктің көп бөлігі мен басқа да ірі орталықтарды өз бақылауына алды. Ал халықаралық деңгейде мойындалған үкімет Аденде орналасуға мәжбүр болды. 

БҰҰ-ның бейбітшілік орнату әрекеттері нәтижесінде Йеменде бір жылдан астам уақыт бойы салыстырмалы түрде тыныштық орнап отыр. Ал Сауд Арабиясы бұл соғыстан шығу үшін хуситтермен келіссөз жүргізіп жатыр.

Бірақ хуситтердің Израильге шабуылдары Сауд Арабиясы үшін қақтығыс қаупін күшейтіп отыр. 

Арсенал

Хуситтердің арсеналында Израильге Санадағы орталықтан соққы беругеқабілетті баллистикалық зымырандар мен қарулы ұшқышсыз аппараттар бар. 31 қазанда хуситтердің әскери өкілі осы топтың Израильге бағытталған ракеталар мен дрондардың "көбіне ие" екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, хуситтер қозғалысы Сауд Арабиясы бастаған коалициямен он жылға жуық соғысқаннан кейін, яғни, биыл қыркүйекте өткен парадта үлкенарсеналын көпшілікке көрсетті.

Оның "Тофан", "Боркан" және "Құддыс" зымырандары ирандық үлгіде жасалған және олар 2000 шақырым қашықтықтағы нысандарға дәл тиеді, дейді мамандар.

Хуситтер бұл ракеталарды Йемендегі соғыс кезінде Сауд Арабиясына ондаған рет жіберген. Қыркүйекте хуситтер зениттік Barq-2 зымырандары мен теңіз зымырандарын және Миг-29 жойғыш ұшағы мен тікұшақтарын алғаш рет көрсетті.

Хуситтер кеме қатынастарына қарсы операцияларда зеңбіректерменжабдықталған жүрдек қайықтарды да пайдаланады.

Таяу Шығыс соғысындағы рөлі

Хуситтер 31 қазанда Таяу Шығыстағы қақтығысқа қосылғандарын жәнеИзраильге ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандар жібергенін жариялап, "Израиль агрессиясы тоқтағанға дейін" шабуылдарын жалғастыруға уәде берді.

Иран қолдайтын "Қарсыласу осі" деп аталатын аймақтық альянсқа қосылғанхуситтер Хамас Израильге шабуыл жасағаннан бері палестиналықтар төңірегіне топтасып жатыр.

Хуситтердің ұраны: "Америкаға өлім, Израильге өлім, яһудилерге қарғыс,Исламға жеңіс!".

Иранмен байланыс

Сауд Арабиясы бастаған коалиция Иранды хуситтерді қаруландырды, оқытты және қаржыландырды деп айыптап келеді. Бұл топ болса, Иранның сенімді өкілі екенін жоққа шығарып, өз қару-жарағын жасап жатқанын айтады.

Хуситтер Йемендегі соғыс кезінде мұнай қондырғылары мен өмірлік маңызды инфрақұрылымды нысанаға алып, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктеріне шабуылдар жасап, өздерінің зымырандық және дрондықмүмкіндіктерін көрсетті.

Ал АҚШ әскері жексенбі күні мәлімдегендей, коммерциялық кемелерге жасалған шабуылдарды Иран "түгелдей ұйымдастырды" деуге толық негіз бар. Тегеран әзірге жауапсыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу