Осылайша, "Қайсар" бас бапкері Виктор Кумыковпен келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты қош айтысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Клуб жақын күндері жаңа бас бапкердің есімін жариялайды.
Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов ресейлік маманға команданың мақсатына жетуге қосқан үлесі үшін алғыс айтып, өңірдің ең жоғары марапаты –
Құрмет грамотасын табыстаған.
Еске салайық, Виктор Балютұлы қызылордалық ұжымды 2023 жылдан бері жаттықтырып келеді. Биылғы маусымының қорытындысымен сырбойылық команда турнир кестесінде 11-орынға жайғасты. Шыны керек, биыл тек отандық ойыншыларға иек артқан клубқа сенбегендер де көп болды. Сондай-ақ, осы жылы Қызылорданың Сол жағалауынан 11 мың орындық "Қайсар Арена" стадионы ашылды.
Еске салайық, 30 қазанда "Қайсар" футбол клубының толық жекеменшікке өткенін жаздық.