"Лас бомба" қатты қорқытқанымен, көп қырғынға ұшыратпайды

2387

Мәскеудің мәлімдеуінше, Киев қазір дәл осындай қару қолдануға әзірленіп жатыр. Батыс болса, Украина армиясының өз елін мұндай арсеналмен улайтынына мүлде сеніп отырған жоқ, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

"Лас бомба" қатты қорқытқанымен, көп қырғынға ұшыратпайды Фото: google.com

Лас бомбалар лаңкестердің әлеуетті қаруы ретінде бұрыннан қорқынышты. Өйткені террористердің негізгі мақсаты – атмосфераға радиоактивтік тозаң мен түтін шашу арқылы қоғамда дүрбелең мен үрей тудыру және елді састыру.

Кремльдің мәлімдеуінше, Украина Ресейді кінәлау және тоғызыншы айға аяқ басқан соғысты әрі қарай өршіту үшін "лас бомба" жаруға дайындалып жатыр. Батыс елдері украиналық әскерилердің өз жерін улайтынына күмән келтіріп, бұл мәлімдемені "таза өтірік" деп жоққа шығарды.

Ешқашан лас бомбамен шабуыл жасау оқиғасы тіркелмесе де, Шешенстанда жиырма жылдан астам уақыт бұрын мұндай құрылғыны жару әрекеті сәтсіз аяқталған.

Кейбір сарапшылардың ойынша, "лас бомба" деген сөз тіркесі нені білдіреді? Бұл сауалға қатысты қысқаша жауаптар төмендегідей:

Лас бомба қалай жұмыс істейді?

Техникалық тұрғыдан радиологиялық дисперсиялық (таратушы) құрылғы ретінде танылған лас бомбалар – салыстырмалы түрде қарапайым, әрі айқын емес қару. Оларды жасау ядролық оқтұмсыққа қарағанда әлдеқайда оңай және арзанырақ, сонымен қатар мұндай бомбадан қауіп те айтарлықтай аз.

Лас бомбаларға радиоактивтік материалмен бірге динамит сияқты кәдімгі жарылғыш зат салынады, содан кейін олар бірлесіп, жарылыс күшімен сыртқа лақтырылады. Дисперсивті радиоактивтік материалдың мөлшері қауіпті болғанымен, міндетті түрде өлімге әкелмейді.

Лас бомбаға арналған материал медицина мен өнеркәсіпте пайдаланылатын радиоактивтік көздерден немесе ғылыми-зерттеу мекемелерінен алынуы мүмкін.

Вашингтонда орналасқан коммерциялық емес ұйым – The Nuclear Threat Initiative компаниясының ядролық материалдар қауіпсіздігі бағдарламасы бойынша вице-президенті Скотт Рокердің айтуынша, "лас бомбаны жасау өте оңай және бұл дөрекі бомба" екен.

Лас бомбалар қандай зиян келтіруі мүмкін?

Лас бомбадан зардап шеккендердің саны мен зақымдану дәрежесі көптеген жайтқа байланысты.

Бұл жерде жарылыстың қуатын анықтайтын қарапайым жарылғыш заттың мөлшері мен түрі негізгі фактор саналады.

Өзге бір фактор – тараған радиоактивтік материалдардың саны мен түрі. Сонымен қатар жарылыс кезінде ауа райы, әсіресе, жел де өзінше рөл ойнайды. Демек, мұндай бомбадан кең аумақ ластануы мүмкін.

Көптеген лас бомба өлімге немесе тіпті қауіпті ауруға шалдықтыратындай жеткілікті радиация бөлмейді.

Аз ғана радиациялық сәулелену әдетте ешқандай симптомдар туындатпайды. Радиацияны көру, иіспен сезу немесе оның дәмін тату мүмкін емес. Сондықтан адамдар зиянды сәуле тарағанын білмеуі мүмкін.

Лас бомба несімен қауіпті?

Лас бомба шектеулі мөлшерде өлімге әкелуі мүмкін. Ол негізінен психологиялық әсерге ие. Мұндай құрылғылар көбінесе "жаппай қырып-жоятын қару" деп аталады.

Рокердің сөзінше, лас бомбалар ұрыс даласында қолданылмайды, олар қалалық жерлерде көбірек жарылады.

"Бұл – психологиялық қару. Адамдарды қорқытқысы келгендер осындай жарылғыштарды пайдаланады", – дейді ол.

Радиоактивтік тозаң мен түтін алысқа таралуы мүмкін және оларды жарылыс ошағы маңында деммен жұту қауіпті. Рокер айтқандай, радиоактивтік бұлт бірнеше кварталға таралуы мүмкін. Бірақ радиоактивтік материал атмосфераға жайылған сайын оның концентрациясы азайып, зияндылығы кемиді. Дегенмен мұндай соққының экономикалық зардабы орасан. Өйткені лас бомба түскен кварталдардың немесе аудандардың халқын толық көшіруге тура келеді және бұл территориялар уланғандықтан, тұруға жарамай қалуы ғажап емес.

Адам радиацияның қандай түрін қаншалықты ұзақ уақыт қабылдады. Бұл радиация тері арқылы бойға сіңді ме, әлде тыныс жолдарымен, ауызбен жұту арқылы ішке өтті ме? Радиациялық сәулелену мәселесінде осындай бірнеше фактор бар.

Радиацияны анықтау үшін арнайы жабдық қажет. Ластанған үйлер, кәсіпорындар, әлеуметтік қызмет көрсету орындары айларға жабылуы мүмкін және оларды тазарту мол шығынды қажет етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу