МӘМС қоры коронавирусқа қарсы қандай шара қолданып жатыр?

2306

165 мың пациент 190, 3 млн теңгенің дәрісін тегін алды.   

МӘМС қоры коронавирусқа қарсы қандай шара қолданып жатыр?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қоры пандемия кезінде осыған дейін болған дәрі тапшылығын жою үшін "СК-Фармация" компаниясымен жасалған шарттар бойынша 100% алдын ала төлем жасады. Өз кезегінде "СК-Фармация" жыл соңына дейін жеткізілетін препараттар үшін өнім берушілер мен өндіруші зауыттармен алдын ала есептесуге мүмкіндік алды. 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежановтың мәлімдеуінше, МӘМС қаражаты есебінен амбулаториялық деңгейде балаларды – бактерияға қарсы және қызуды төмендететін препараттармен, ересектерді – ауруханадан тыс пневмония нозологиясы бойынша бактерияға қарсы құралдармен қамтамасыз ету қарастырылған. 

"2020 жылғы 1 қаңтардан 17 шілдеге дейін ОРВИ және пневмониямен  ауырған 165 мың пациент жалпы құны 190,3 млн теңгені құрайтын дәрі-дәрмекті тегін алды", – деді басқарма төрағасы.

Болат Төкежановтың сөзінше, коронавируспен ауырған қазақстандықтар шипажайларда сауықтыру көмегін алуы мүмкін.

"Пандемия кезінде көптеген азаматтқа өз қаражатына емделуге тура келді. Біз мұны түсінеміз. Осыны ескере отырып, қор коронавирустық инфекцияға шалдыққан адамдарды сауықтыру туралы шешім қабылдады. Бізде Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен медициналық ұйымдар бар. Пандемия кезеңінде сауықтыру медициналық көмегі екі есеге қысқарды. Осыған байланысты, тамыз айынан бастап біздің қор коронавируспен ауырған науқастарды сауықтыруды бастайды. Денсаулық сақтау министрлігі мен денсаулық сақтау басқармаларының құрамында өз шипажайлары, оңалту орталықтары және санаторийлік-курорттық ұйымдары бар. Бізге санаторийлік-курорттық ұйымдардың қауымдастығы жүгінді. Қазір сауықтыру көмегінің алгоритмі әзірленіп жатыр", – деді ол. 

Бұдан кейін Болат Төкежанов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жоспарлы медициналық көмекті 1 тамыздан бастап қалпына келтіруді көздеп отырғанын мәлімдеді. 

"Пандемия кезеңінде көптеген жоспарлы қызметтер неғұрлым кеш мерзімге кейінге қалдырылғанын ескере отырып, қор халықтың қызметтерді тұтынуының айтарлықтай өседі деп болжап отыр. Осыған байланысты қор медициналық көмек көрсетуді қаржыландыру жоспарына түзету енгізеді. Қор болжамынша, 3 тоқсанда жоспарлы көмек көлемі МӘМС жүйесін енгізу кезінде жоспарланғандай жыл басындағы деңгейге дейін өседі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халыққа жоспарлы медициналық көмек көрсету 1 тамыздан бастап қалпына келтіру жоспары жасалды. Бірінші кезекте КВИ-мен күрес жөніндегі іс-шараларға қатыстырылмаған басқа стационарларды кезең-кезеңмен қоса отырып, республикалық деңгейдегі мамандандырылған клиникаларда, монопрофильді клиникаларда жоспарлы емдеуге жатқызу қалпына келтіріледі", – деді басқарма төрағасы. 


Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар! 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу