Мейір Рахметқалиев арқан тартыстан алтын медаль жеңіп алды

467

Қазақстан құрамасы арқан тартыстың үш санатында да топ жарды.  

Мейір Рахметқалиев арқан тартыстан алтын медаль жеңіп алды Фото: Ulttyqsport.kz инста

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында арқан тартыстан Қазақстан құрамасы кезекті алтын медальға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

1х1 санатында сынға түскен Мейір Рахметқалиев финалда Қырғызстан спортшысымен тартысып, жеңіске жетті. Осылайша, отандасымыз Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль салды.

Айта кетейік, бұған дейін ұлттық құрама арқан тартыстың үш санаты – 8х8, 4х4 және 1х1 бойынша да алтын медаль жеңіп алған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу