Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанның жаңадан сайланған Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қолын қойып тұрып: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", – деп халыққа ант берді.
Конституциялық кеңестің Төрағасы Қайрат Мәми атап өткендей, Конституцияның 42-бабына сәйкес, жаңадан сайланған Қазақстан Президенті Қазақстан халқына ант берген сәтінен бастап өз қызметіне кіріседі.
Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент куәлігін тапсырды.
Еске сала кетейік, 9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96 пайыз дауысына (6 539 715 дауыс) ие болып, жеңіске жеткен болатын.
Фархат Әміренов